Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 80 сабақ.
3 сынып
№7 бөлім:
Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Оқу мақсаты:
3.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақ мақсаты:
Денсаулыққа ықпал ететін жаттығуларды көрсету және іс-әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарды біле отырып, ойындағы рөлдерді көрсету.
Бағалау критерийлері:
- Денсаулыққа ықпал ететін жаттығуларды көрсетеді;
- Іс-әрекеттерді орындау барысында айырмашылықтарды біледі;
- Өзінің және басқаларының рөлін көрсетеді.
Оқушылар комуникативтік дағдыларды дамыту үшін, қозғалмалы және еріктік қасиеттерін, жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындайды. Әртүрлі әлеметтік дағдыларды түсіну үшін, қозғалмалы ойындар, жарыс элеметері бар ойындар ойнап рольдерімен ауысады. Бөлімде оқушыларға топтық қозғалыс белсенділігін дамытуға дамытуға бағытталған.
Бұл бөлімде бағдарлама қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын белсенділігін өз табиғаты, ынтымақтастық және бәсекелестік, жарыстарда ынтымақтастық бойынша, әлеуметтік дағдылардың түрлі аспектілерін дамыту.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары»
Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету. Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру.
Оқушыларды жұптарға бөліп, футбол ойынының элементтерін яғни, допты аяқпен тоқтату, тебу әдістерін үйрету.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, допты тебу әдістерін үйренеді.
аяқтың ішкі жағымен тебу
аяқтың бас жағымен тебу.
аяқтың ұшымен тебу
Допты тоқтату әдістері:
аяқтың ішкі жағымен, басымен тоқтату.
Ойын ережесін оқушыларға түсіндіре отырып, шағын топтарға бөліп кіші футбол ойынын ойнату.
Дискрипторлар:
- Ойынды ережемен ойнап, қауіпсіздікті сақтайды;
- Өзінің және басқалардың рөлін бағалайды;
- Іс –әрекеттерді орындауда қателіктермен жұмыс жасай алады.
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру. Сұраңыз: қимылды ойындар ойнаған ұнайды ма, әлде футбол ойнаған ұнайды ма?
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Қозғалыс ойынының дағдыларын игеру;
Футбол ойынының дағдыларын игеру.
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?