Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 81 сабақ.
№81 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары»
Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру. Оқушыларды шағын топтарға бөлініп, футбол ойынының элементтерін яғни, допты қақпаға тебу, тебу әдістерін үйрету.
- Оқушылар шағып доптарда дөңгелек болып тұрып, допты тоқтатып тебу, тоқтатпай бірден тебу әдістерін үйренеді.
шеңбер бойына тұрып, бір-біріне допты теуіп беру.
2.
Бір ойыншыға допты түрлі әдіспен кезек-кезек теуіп беру.
«Күшік» ойынын ойнату.
Барлық оқушы шеңбер жасап тұрады. Ортаға екі ойыншы шығады. Олардың міндеттері допты алып қою. Шеңбердегі ойыншылардың міндеттері бір-біріне допты жерлетіп тебу арқылы беру. Ойыншылар допты бір-біріне тебу кезінде ортадағы ойыншы иеленсе, соңғы допты тепкен ойыншы ортаға шығады да, допты алып қойған ойыншы шеңбер бойына тұрады. Ойын осылай жалғасады.
Ойын ережесін түрлендіріп отыруға болады.
1. Шеңбер бойындағы ойыншылар допты тоқтатпай бірден тебу керек.
2. Шеңбер бойындағы ойыншылар допты тоқтатып барып тебу керек.
Жалпы, бұл ойында оқушылардың ойлау дағдыларымен қоса, тез шешім шығарып әрекет жасау дағдылары дамиды. Допқа иелік жасаған ойыншы дұрыс шешім шығарып, тез әрекет жасауы керек.
Оқушылардан сұрау:
Допты алып жүруде, немесе тебуде қандай қиыншылықтар болды? Футбол ойыны ұнайды ма? Қандай Қазақстандық футболшыларды білеміэ? Ойын кезінде қандай дағдыларымыз дамиды?
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру. Сұраңыз: қимылды ойындар ойнаған ұнайды ма, әлде футбол ойнаған ұнайды ма?
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қай уақытта да адамдардың арасында спорт өте кең тараған өнер, өз өмірінде күш пен шапшаңдылық, шыдамдылық пен ептілік жағынан сынға түспеген адамдар жоқ шығар. Көптеген балалар мен жасөспірімдер чемпион болу үшін міндетті түрде өте дарынды болу керек деп ойлап жатады. Ал сол дарын дегеннің өзін үнемі дамытып ұштап отыру керектігі жайлы айта бермейміз. Спортта жеңімпаз атану өте ауыр да, өте қиын жол. Осы жолда жалықпай жаттыққан, тамшылатып тер төккендер, шыдам мен жігер танытқандар ғана жеңіс тұғырына көтеріле алады.
Балалар мен ересектер арасында ең көп тараған спорт түрлерінің бірі ең қызықтысы да футбол ойнау. Кез келген баладан сұрай қалсаң футбол жұлдыздарының есімдерін жатқа айтып береді. Аты аңызға айналған Пелеге немесе Марадонна, Роналдоға кімнің ұқсағысы келмейді дейсің? Футбол – кез келген баланың мәңгілік махаббаты. Футбол - спорттық ойын түрі, ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі.Футбол ойыны сұрапыл әрі адамның жүрек қылын тербететін дене шынықтыру ойыны болғандықтан, ол «дүниедегі маңдай алды дене тәрбие», «дене тәрбиенің патшасы» деп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне бөленеді. Жалпы спорттық ойындардың барлығы дерлік шапшаңдылықты, ептілікті, төзімділікті, жылдамдықты қажет етеді.Спортшылар мен жанкүйерлерді футболдың қарапайымдылығы мен тартымдылығы, ойыншылардың шеберлігі мен қиыннан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады.
Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, әр ойыншыда драммалық қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының теледидар көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылы шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, шапшандылық, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін коллективизімдік рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие. Футбол ол әдістер күресі, ойыншылар шығармашылығы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған. Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды ойындардың қатарына жатады. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштердің әсері түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды ойлауға, әр ойластырған комбинацияларды шешуге зор әсер береді.
Сондықтан жаттықтырушы әр ойында әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретеді. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек. Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет. Футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы зор. Ойын барысында шығармашылық, жылдам және тез кездескен кез келген қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық және техникалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластарын күтпеген жерде және ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет .
Футбол ойыны спорттық ойындардың ең бір тамаша түрі. Ол үлкен адамдардың, жасөспірім балалардың барлығы қызығатын дене тәрбиенің бір түрі. Ол адамның денесін шынықтыруда, дене қуаты қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара силастық, өзара селбестік қатынастарын дамытуда ерекше рол ойнайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?