Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 85 сабақ.
№85 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту»
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, қауіпсіздік ережелерін еске салу. Ойын кезінде, сабақ барысында қауіпсізді сақтап, бір-біріне кедергі жасамай, бірлесе жұмыс жасауды үйрету.
Бүгінгі тақырыпқа сай, оқушыларды шағын топтарға бөліп қимылды ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу.
Сыныпты екі топқа бөліп, осы екі топ қимыл-қозғалыс ойыны ойнап жарысады.
Мұғалім әрекеті: Оқушыларға ойын ережесін, мақсатын түсіндіру.
Оқушы әрекеті: Мұғалімді толық тыңдап, қауіпсіздікті сақтай отырып, тапсырманы мұқият орындау.
Тапсырма №1
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Еденге обруч ұзыннан төселеді, екі топтан бір бір оқушы қарсы обруч ішінде секіріп бастайды. Тоғысқан жерде екеуі қайшы, қағаз, құдық ойынын ойнайды.(қайшы қағазды, қағаз құдықты, құдық қайшыны жеңеді) Ұтылған ойыншы жолдан шығады,сол топтың келесі ойыншысы қарсы секіріп ұтқан ойыншының жолын бөгеп жаңағы қағаз, қағаз, құдық ойынын жаластырады. Жеңген ойыншы ойынды жалғастырады. Өз жағынан бастап қарсы команданың соңғы обручна кірген ойыншы өз командасына 1 ұпай әкеледі. Ойын 5 ұпайға дейін жалғасады.
Дискриптор:
- Жылдам ойланып, командаға пайдалы әрекет жасау;
- Қозғалыс дағдыларын тез қолдану.
Бағалау:
Жалпы ойын ойнаған екі топтың оқушыларын бағалау. Қалыптастырушы бағалау жүргізу. Мұғалім тарапынан сұрақ қою арқылы ойын барысында қандай қозғалыс әрекеттерін пайдаланғандығын сұрау. (жүгіру, секіру т,б)
Тапсырма №2
Оқушылар екі командаға бөлініп, волейбол алаңының көлемінде ойын ойнайды. Екі команданың біреуі қорғаныста, біреуі шабуылда ойнайды. Яғни, волейбол алаңының бұрыштарында 6 обручтар жатады. Шабуылшы команда алаңның шетінен волейбол добын тек алаңға лақтырады немесе ұрады. Ортада тұрған қорғаныстағылар допты тез алып, бір-біріне лақтыру арқылы шабуылға шыққан ойыншыны доппен ұрып ойыннан шығаруы тиіс. Шабуылға шыққан ойыншы әр обручтің ішіне қос аяқпен кіріп, командаға ұпай әкелуі тиіс. Шабуылдағы ойыншы бір обручтің ішінде қалып қойса, келесі шабуылшы ойынға шығам дегенге дейін обручта бола алады және келесі ойыншы шыққанда ол да жүгіреді.
Дискриптор:
- Шабуылшы кезінде командаға ұпай әкелу
- Қорғаныс кезінде қарсыласын ойыннан шығаруды жүзеге асыру
- Топта белсенділік танытып, тез шешім шығару.
Қорытынды жүргізу:
Жалпы ойынның мақсаты неде?
Шабуылшылардың қызметі неде?
Қорғанысшылардың мақсаты неде?
Оқушылармен ашық-сұрақ жауап арқылы оқу мақсатына жеткендігі жөнінде диолог ұйымдастыру.
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалауға дағдыландыру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барье
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?