Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 86 сабақ.
№86 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту»
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, қауіпсіздік ережелерін еске салу. Ойын кезінде, сабақ барысында қауіпсізді сақтап, бір-біріне кедергі жасамай, бірлесе жұмыс жасауды үйрету.
Бүгінгі тақырыпқа сай, оқушыларды шағын топтарға бөліп қимылды ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу.
Сыныпты екі топқа бөліп, осы екі топ қимыл-қозғалыс ойыны ойнап жарысады.
Мұғалім әрекеті: Оқушыларға ойын ережесін, мақсатын түсіндіру.
Оқушы әрекеті: Мұғалімді толық тыңдап, қауіпсіздікті сақтай отырып, тапсырманы мұқият орындау.
Тапсырма №1
«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларына тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді. Соңында қай топтың ойыншылары ұтылса, сол топтың басшысы ортаға шығады.
Дискриптор:
- Көшбасшылық қабілетін ойын барсында академиялық әділ түрде көрсетеді.
Әр ойын немесе тапсырмадан кейін қорытынды жасап, кері байланыс беріп отыру.
Тапсырма №2
Оқушыларға «Көз жұмбақ» ойынының ережесін түсіндіріп, ойнату. Оқушылар арасынан бір оқушының көзі шүберекпен байланады. Ол оқушының міндеті, қалған оқушыларды залдың ішінде қуып жүру арқылы ұстап алу. Қалған оқушылардың міндеті дыбыс шығармай көз байланған оқушыдан қашу. Егерде бір оқушы ұсталса, сол оқушының көзі байланады. Ойын осылай жалғасады.
Дискриптор:
- Қауіпсіздікті сақтап, ережені бұзбай ойнау;
- Шығармашылық қабілетін көрсетіп, басқалардың ойын тыңдайды
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалауға дағдыландыру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барье
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?