Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 86 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 86

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім. Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту

Оқу мақсаттары

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуде және ұсыныстар айтуда өз білімін пайдалану және тақырыпқа сай композициялық идеялармен эксперимент жасау.

 Бағалау критерийлері

  • Өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуде білімін пайдалана алады;
  • Басқалардың ұсынысын талдау үшін, алған білімін қолданады;
  • Тақырыпқа сай композициялық идеялармен эксперимент жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Ойын белсенділігі кезінде әлеуметтік дағдыларды түсіну, көрсету және талқылау.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • әділ ойын, ереже жарыстар серіктестік
  • сұраныс қабілет
  • кошбасшылық ролдер, қорғаушы, көмекші
  • кеңістіктегі ойлау: сызық, бұрандық, шеңбер, кедергілер
  • шабуыл, қорғаушы

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Айта аласыздар ма тапсырма орындауда қандай қабілеттер қолдандыңыздар және қалай?
  • Жеке және командада ойнаған кезде қандай қаулы қабылдадыңыз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Физика және биология сабақтарымен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар комуникативтік дағдыларды дамыту үшін, қозғалмалы және еріктік қасиеттерін, жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындайды. Әртүрлі әлеметтік дағдыларды түсіну үшін, қозғалмалы ойындар, жарыс элеметері бар ойындар ойнап рольдерімен ауысады. Бөлімде оқушыларға топтық қозғалыс белсенділігін дамытуға дамытуға бағытталған.

Бұл бөлімде бағдарлама қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын белсенділігін өз табиғаты, ынтымақтастық және бәсекелестік, жарыстарда ынтымақтастық бойынша, әлеуметтік дағдылардың түрлі аспектілерін дамыту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Немесе «қуыспақ», «кім жылдам» қимыл-қозғалыс ойындары арқылы қыздыру.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту»

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, қауіпсіздік ережелерін еске салу. Ойын кезінде, сабақ барысында қауіпсізді сақтап, бір-біріне кедергі жасамай, бірлесе жұмыс жасауды үйрету.

Бүгінгі тақырыпқа сай, оқушыларды шағын топтарға бөліп қимылды ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу.

Сыныпты екі топқа бөліп, осы екі топ қимыл-қозғалыс ойыны ойнап жарысады.

Мұғалім әрекеті: Оқушыларға ойын ережесін, мақсатын түсіндіру.

Оқушы әрекеті: Мұғалімді толық тыңдап, қауіпсіздікті сақтай отырып, тапсырманы мұқият орындау.

Тапсырма №1

«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларына тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді. Соңында қай топтың ойыншылары ұтылса, сол топтың басшысы ортаға шығады.

Дискриптор:

  • Көшбасшылық қабілетін ойын барсында академиялық әділ түрде көрсетеді.

Әр ойын немесе тапсырмадан кейін қорытынды жасап, кері байланыс беріп отыру.

Тапсырма №2

Оқушыларға «Көз жұмбақ» ойынының ережесін түсіндіріп, ойнату. Оқушылар арасынан бір оқушының көзі шүберекпен байланады. Ол оқушының міндеті, қалған оқушыларды залдың ішінде қуып жүру арқылы ұстап алу. Қалған оқушылардың міндеті дыбыс шығармай көз байланған оқушыдан қашу. Егерде бір оқушы ұсталса, сол оқушының көзі байланады. Ойын осылай жалғасады.

Дискриптор:

  • Қауіпсіздікті сақтап, ережені бұзбай ойнау;
  • Шығармашылық қабілетін көрсетіп, басқалардың ойын тыңдайды

Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б

Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Шығыршық, волейбол добы немесе резеңке доп, ысқырық т.б

Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б

Қимылды ойындарға сілтеме: http://allforchildren.ru/games/active_index.php

Қозғалмалы ойындарға арналған

http://festival.1september.ru/articles/417724/

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар.
  • Оқушылардың қалай жүгіргендерін бақылау

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Жеке оқушылардың физикалық көрсетілімінің сапасы.
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Мектеп құндылықтарын қолдайды.

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу.

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу