Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 88 сабақ.


№88 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі»

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, қауіпсіздікті ескерту. Тапсырмаларды орындау барысында немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау барысында қауіпсіздікті сақтап, бір-біріне көмектесуге шақыру.

Оқу мақсатына жету үшін ойнатылатын ойынның ережесін оқушыларға түсіндіру.

Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.

Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «тауықтар» біресе жүгіреді, біресе «тауық қонақтайтын бақанға отырады», біресе «тауық қораның» жанында жай жүреді (орындықтар «тауық қораны» бейнелейді). Екінші бекітілген шарт бойынша «түлкілер» «тауық қораның» жанына жиналып, кез келген жерге (еденге) тіпті бір аяғымен болса да тұрған «тауықты» ұстап алады. «Түлкілер» «отырған» тауықты қолынан ұстап, өзінің «ініне» әкеледі. Егер жолында оған «аңшы» кездессе, «түлкілер» үсталған тауықты босатады, ал өзі «ініне» қашып тығылады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтарылады, одан соң барлық «тауықтар» отырған орындарынан ұшып шығады. Егер «аңшы» «түлкіні», ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады.

Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңіп шығады.

Дискриптор:

-ойын ережесін сақтайды;

- топта белсенді қызмет жасайды

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Қимыл-қозғалыс ойындарының бала денсаулығына және баланың дене қабілетінің дұрыс дамуына әсері.

Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды. Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.

Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.

Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.

Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.

Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.

Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар:

Барлық мектептерде жалғыз дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, оқу жылы бойы физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелердің көп болғаны дұрыс. Бұл көлемдері мен формалары әр түрлі қоғамдық және ойын алаңдарын, ашық алаңдарды және жабық бөлмелерді қарастырады. Әр мектепте қимыл-қозғалыс жаттығуларын өткізу үшін ауа баптағышпен жабдықталған немесе жақсы желдеткіш жүйесі бар кем дегенде бір бөлме, ашық даладағы түрлі алаңдар болуы қажет.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісі динамикалық, интерактивті сипатта болуға тиіс және бұл білім беру бағдарламасы шеңберіндегі ауқымды міндеттер мен оқыту мүмкіндіктеріне сәйкес келетін ішкі және сыртқы бөлмелерді пайдалануға тиісті. Ішкі оқу бөлмелері желдеткіш жүйелерімен жабдықталып, жақсы жарықтандырылып, температуралық режимі сәйкес болуы тиіс. Дене шынықтыру жүктемелерінің көлеміне және қалпына келуге берілетін үзілістердің жиілігіне қарай сыртқы алаңдар сәйкес көлеңке қалқалармен жабдықталуы тиіс. Сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту

мүмкіндіктерін барынша табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек.

Мектептерде «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері үшін, сондай-ақ, басқа өңірлерден келіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар, мұғалімдер үшін немесе білім бағдарламасын қолдайтын немесе толықтыратын нұсқаушылар үшін қауіпсіз, мамандандырылған, жақсы жабдықталған киім ауыстыру және жұмыс бөлмелерін амтамасыз етуге тиіс.

Арнайы топтағы оқушылар үшін дене шынықтырудың басты міндеттері төмендегілер болып табылады:

- салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар,оқушылардың физикалық даму процесінде көмек көрсету құқықтарын білуі;

- аурудан әлсіреген органдары мен жүйелерінің функционалдық деңгейін арттыру;

- физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыру;

- оқушылардың ағзалары аллергияларға, суық тию ауруларына және созылмалы инфекцияларға қарсы тұра алуы үшін олардың иммундық жүйелерін жақсарту;

- дұрыс мүсін қалыптастыру және оны түзету;

- дұрыс тыныс алу техникасына үйрету;

- негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын игеру;

- рухани және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

- оқушыларды өздігінен денені шынықтыратын іс-әрекеттерді жасау және оны күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу;

- барлық оқушылар үшін тиімді жұмыс істеу жағдайларын жасау.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу