Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 89 сабақ.
№89 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі»
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, қауіпсіздікті ескерту. Тапсырмаларды орындау барысында немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау барысында қауіпсіздікті сақтап, бір-біріне көмектесуге шақыру.
Оқу мақсатына жету үшін ойнатылатын ойынның ережесін оқушыларға түсіндіру.
Оқушылар екі топқа бөлініп жарысады. Олар бір-бірлер алдарынада жатқан шығыршықтан допты лақтыру арқылы өтулері керек. Бірінші топтың ойыншысы бірінші шеңберде тұрып допты жоғарыға 20-30 см лақтырады да, қағып алатын уақытта ол екінші шығыршықтың ішінде болуы керек. Осылай соңғы шығыршыққа дейін орындауы тиіс. Егерде бірінші топтың ойыншысы допты қаға алмай түсіріп алатын болса, онда ойынды екінші топтың ойыншылары бастайды.
Осылай ойын жалғасу арқылы соңғы шығыршыққа жеткен топ жеңіске жетеді. Шығыршықтарды көптеу орналастыру керек.
Дискрипторлар:
- Тез ойланып, жылдам әрекет жасау;
- Топта көшбасшылық таныту;
- Қозғалыс шеберлігін көрсете алу.
Ойынды қорытындылау. Оқушылардан сұрау: Айта аласыздар ма тапсырма орындауда қандай қабілеттер қолдандыңыздар және қалай? Жүріп бара жатып допты қағып алу қиын болды ма?
Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы ойынды қорытындылау. Тапсырманы орындау кімге қиын болғанын анықтай отырып, оқушылармен қозғалыс кезіндегі шеберлікті жақсартуды ұсыну.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Қимылды ойындардың балаларға маңыздылығы
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы: Логикалық тізбек ойындары. Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтидыМысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «Қызықты геометрия»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге,бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.Қорыта келе айтқанда:Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды