Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 79 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Оқу бағдарламасына сілтеме
3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийлері:
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
Жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.
Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(Ж, Т, ҚБ) «Допты беру» эстафетасы. Ойыншылар екі жаққа сапқа тұрады, команда капитандары допты бірінші болып алады. Белгі берілгеннен кейін оқушылар допты оң жақтан бір-біріне береді. Ойын ойыншы сапта бірінші болғанға дейін жалғасады. Допты бірінші беріп болған команда жеңіске жетеді. Ойын кезінде жарақат алмау мақсатында ойын кезінде допты қалай беру керектігін көрсету керек.
Нұсқалар: Допты оң жақтан, сол жақтан, бастан асырып немесе аяқтың ортасынан беруге болады.
Сұраңыз: Сіз бұл тапсырманы орындай алмадым деп айта аласыз ба?
«Допты беру» ойыны.
Дескриптор:
- Допты беру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?