Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 80 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №80
Ойын түрлерінің бала дамуына әсері
Бүгінгі таңда алдымыздағы тұрған аса маңызды міндеттердің бірі –ешкімді қалыс қалдырмай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы білім алу қажеттіліктері бар балаларға да бірдей сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Қазақстанның ашық азаматтық қоғам ретінде тұрақты даму шарты-балалардың өмірсүру құқығын және «Балалар құқығы туралы Конвецияда» көрсетілгендей, олардыңөз мүмкіндіктерін толық дамытуын қамтамасыз ету және барлық балаларға бірдей бастапқы мүмкіндіктер беру, оларды әлеуметтік әрі құқықтық қорғау болып табылады.
«Ұстаздық мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан-дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұғу болып табылады»,-деп атап көрсетеді В.А.Сухомлинский. «Әсіресе, ұстаздық шеберлік әрекеті қалыпты, дені сау баламен жұмыс кезінен гөрі, даму мүмкіндігі шектеулі баламен қарым-қатынас кезінде көбірек қажет–ақ» - осы асыл сөзінен психикалық дамуы тежелген баламен жұмыс істеу өте қиын екенін ұғынуға болады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын, сондықтан оның мәні ерекше. Бала өмірінде ойын үлкен орын алады. Ойын-тәрбие процесінің негізгі әдістерінің бірі. Балалар үшін ойын-ол оқу, ол тәрбиелеу әдісінің негізгі бір тәсілі болып табылады. Ал, психикалық дамуы тежелген балалар үшін ойын сөйлеу тілін қалыптастырудың негізгі бірден-бір жолы болып табылады. Өздеріміздіңкүнделіктіөмірде байқағанымыздай: «-қазір ойын ойнаймыз»- десек болды, олардың көздері күлімдеп,қуаныштарында шек болмайды. Қандай бала болмасын ойынмен өсіп, жетіледі. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы. Ойын іс-әрекетінде балалар өз еркімен берілген тапсырманы ойын түрінде қабылдайтындықтан , нәтижеге ойнай отырып, жеңіл жетеді.
А.С.Макаренко өз тәжірибесінде ойынның ролін былай тұжырымдаған: «Кез-келген баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады,міне, осыны қанағаттандырып отыру керек.Бала өмірі –ойын арқылы дамиды»-деген.
Міне, сондықтан да психикалық дамуы тежелген балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты тәрбиелеуде және сөйлеу тілін қалыптастыруда әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі осы мақсатта педагог-тәрбиешілер арасында мынадай міндеттерді орындау керек:
1) балалардың ойлау әрекетін дамыту және әрі қарай байыту;
2) белгілі ойын түрлерін әрі қарай кеңейту;
3) Ойынды балалардың жалпы және тілдік қатынасын қалыптастырудағы түзету құралы ретінде пайдалану міндеттері тұрады;
Кез-келген ойынды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші сол ойынға жан-жақты дайындалуы керек. Ойынға қажетті құрал-жабдықтар, әртүрлі көрнекіліктер, ойында қолданатын сөздіктер болуы керек, ойынға қажетті құрал-жабдықтар мен ойыншықтарды қалай пайдалану керектігін үйрету керек. Психикалық дамуы тежелген балалармен ойынды ұйымдастыру кезінде олардың ойын әрекетінің бір жақтылығын, бір-біріне қарап еліктеп орындайтындығын, сонымен бірге қимыл-қозғалыс ойыны кезінде ойынның бір кейіпкерінен екінші кейіпкеріне өту кезіндегі қиыншылықтарын ескеру қажет.
Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Әр оқу іс-әрекетінде ойынды тиімді пайдалану жаңа тақырыпты баланың жақсы, өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздыққа, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялық түсінік пен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өміріндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын,сондықтан да оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынды оқу іс-әрекеті барысында оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде де қолдануға болады. Мектепке дейінгі шақта ойын қалыпты жағдай, бала үнемі ойын үстінде болуы керек.
«Баланың ойынға деген қызығушылығын үнемі қанаттандырып отыру керек. Ойынға тек уақыт беріп қана қоймай, оның бүкіл өмірін ойынмен байланыстыру керек. Оның барлық өмірі-ойын»- деп жазды А.С.Макаренко. Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. ойын үстінде өзіне ұнаған адамның іс-әрекетін еліктеп қайталайды, сол адамға ұнағысы келеді. Баланың инабатты, қайырымды, әдепті болып өсуі қоршаған ортасына байланысты. Бала өмірде көрген, білгендерін ойын арқылы айқын бейнелейді. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оңай тәрізді көрінуі мүмкін, ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысу, басқа балалармен тіл табысу,әңгімелесу, өз ойын білдіру, диалог құру өзінің ойлағанын іске асыру оңай емес. Әсіресе ,соның ішінде психикалық дамуы тежелген балаларға қиынға соғады.
Әдістемелік нұсқаулық
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Оқу мақсаттары:
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақтың мақсаты:
Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді
Бағалау критерийлері:
- қозғалмалы ойындар қауіпсіздік ережесін сақтайды;
- ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рлдерді белсенді көрсетеді;
- мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.
1.Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Бой сергіту жаттығулар
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
2.Сабақтың ортасы.
- «Қарсыластың добы үшін».
- Сынып екі командаға бөлінеді.
- Командалар ойын басталатын сызыққа сапқа тұрады.
- Бағыттаушыларға доп беріледі.
- Басшының белгісі бойынша біріншілер допты бар күшімен ойын алаңына лақтырып, қарсыластың добын алу үшін жүгіреді.
- Допты қағып алғаннан кейін өз тобына қайта оралады.
- Өз орнына бірінші келген ойыншы жеңіс ұпайына ие болады.
- Бұдан кейін доп екінші ойыншыға беріледі.
- Ал жүгіріп келген ойыншы сап соңына тұрады.
- Белгі берілген кезде келесі ойыншылар ойынды жалғастырады.
- Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
- Ойында эстафета түрінде өткізуге болады.
- Ойын өткізу кезінде жарақаттар болмауы үшін ашық кеңістікті пайдалануға болады.
- Ойынды бірінші болып аяқтаған команда допты жоғарыға көтеріп, ойынды аяқтағандарын көрсетеді.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
- Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
- Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
- Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?