Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 80 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді
Сабақ мақсаты:
Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді
Бағалау критерийлері:
қозғалмалы ойындар қауіпсіздік ережесін сақтайды;
ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рлдерді белсенді көрсетеді;
мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.
Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(Ж, Т, ҚБ) «Қарсыластың добы үшін». Сынып екі командаға бөлінеді. Командалар ойын басталатын сызыққа сапқа тұрады. Бағыттаушыларға доп беріледі. Басшының белгісі бойынша біріншілер допты бар күшімен ойын алаңына лақтырып, қарсыластың добын алу үшін жүгіреді. Допты қағып алғаннан кейін өз тобына қайта оралады. Өз орнына бірінші келген ойыншы жеңіс ұпайына ие болады. Бұдан кейін доп екінші ойыншыға беріледі. Ал жүгіріп келген ойыншы сап соңына тұрады. Белгі берілген кезде келесі ойыншылар ойынды жалғастырады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Нұсқа: ойында эстафета түрінде өткізуге болады. Ойын өткізу кезінде жарақаттар болмауы үшін ашық кеңістікті пайдалануға болады. Ойынды бірінші болып аяқтаған команда допты жоғарыға көтеріп, ойынды аяқтағандарын көрсетеді.
«Қарсыластың добы үшін» ойыны.
Дескриптор:
- Допты беру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?