Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 81 сабақ.
Дидактикалық материал №81
Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.
І. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
Сабақтар тек қана жарамды спорттың құрал жабдықтарымен өткізіледі. Сабақ өтілетін жер өрт сөніруге арналған құрылғылармен (өрт сөндіргіш және т.б.) және дәрі дәрмек қорпшасымен, таңуға арналған материалмен, зақымдалушыға бірінші медициналық көмек көрестуге қажетті жабдықталуы тиіс.
Сабаққа қатынаса алатын оқушылар:
- денсаулығының жағдайына қарай жалпы және дайындық медициналық топқа жататындар.
- Қауіпсіздік шараларынан нұсқаулықтан өткендер.
- Сабақтың өткізілу шартарына және тақырыбына сәйкес қозғалуға қиындық туғызбайтын спорттық аяқ киім және форма болуы.
Оқушы мендетті:
- Тырнақтарын қысқа алулы.
- Мұғалімнің руқсатымен спорттық жабдықтарды алып жаттығуға кірісуге болады.
- Спорттық құрал-жабдықтарға ұқыпты қарап, оларды тиісті емес жерге пайдаланбауы.
- Ойын ережелерін мұқият тыңдап еске сақтау керек.
- Ойын ережелерін сақтап бұзба керек.
- Мұғалімнің белгісі бойынша ойынды бастауға болады.
- Ойынан шығуға тиісті ойыншылар ережеге сай, байқап басқаларға кедергі жасамай, ойын алаңын босатып орындыққа отыру керек.
- Нұсқаулықты біліпж»не орындауы керек.
Қуғыншылар қашатындарға жармаспай арқасынан итермей, аяқтан шалмай сәл қолының ұшын тигізуі керек.
- Қауіпсіздік шараларын сақтамаған үшін оқушы оқу процесінеқатыстырылмауы мүмкін.
ІІ. Жаттығу алдындағы қауіпсіздік талаптары.
Білімалушылар міндетті:
- Спорттық форма мен аяқ киімін, киім ауыстыратын бөлмеден киінуі;
- Өзге жаттығушыларға қауіп төндіретін заттарды шешуі (сағат, салбыраған сырға және т.б.);
- Спорттық форманың жан қалталарынан үшкір және бөтен заттарды алып тастауы.
- Жаттығуды өткізуге қажетті құрал жабыдықттарды оқытушының басқаруымен дайындап қойуы;
- Жаттығу болатын жерге күректерді және тырмаларды үшкір жағын жоғары қаратып тасымау керек;
- Жүгіру жолдарынан, секіру шұңқырынан оқытушының нұсқауымен бөтен заттарды және т.б. заттарды алып тастау керек;
- Мұғалімнің белгісі бойынша жалпы сапқа тұру.
ІІІ. Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.
Қуып жету ойындары.
Қашушы міндетті:
- Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
- Тез тоқтап қалауы керек.
- Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
- Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.
Жүгіріс йындары.
Оқушы міндетті:
- Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
- Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
- Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
- Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.
Доп ойындары.
Оқушы міндетті:
- Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
- Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
- Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
- Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
- Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
- Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
- Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.
Эстафеталар.
Оқушы міндетті:
- Мұғалімнің белгісінсіз эстафетаны бастамауы керек.
- Өз жолымен эстафетаны бастауы керек.
- Егерде құрал-жабдықтар басқа команданың жолағына түсіп кетсе, абайлап оны алып өзіңнің жолағыңа оралып әрі қарай тапсырманы орындау қажет.
- Алдыңғы ойыншы тапсырманы орындап болмай жәнеде эстафетаны қолын тигізу арқылы бермейінше алдын ала саптан жүгіріп щығуға болмайды.
- Эстафетаны беріп болғаннан кейін өз командасының соңына тұру керек.
- Эстафета мезгілінде саптан шықпау, отырмау және еденге жатпау керек.
- Апатты жағдайдағы қауіпсіздік талаптары.
Білімалушылар міндетті:
- Зақым алғанда немесе көңіл-күйінің нашарлауында жаттығуды тоқтатып дене шынықтыру мұғалімін ескерту керек;
- Зақымдалушыға мұғалімнің көмегімен алғашқы медициналық көмек қажет болған жағдайда емханаға жеткізіп немесе «жедел жәрдем» шақырту керек;
- Спортзалда өрт болған жағдайда тез арада сабақты тоқтатып, ұйымшылдықпен мұғалімнің басшылығымен жаттығу өткізілетін жерді эвакуация жоспарын сәйкес қосалқы шығу есіктері арқылы шығып кету керек;
- Мұғалімнің бұйрығымен оқу орнының әкімшілігін және өрт сөндіру орталығына, өрт туралы хабарлау.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене тәрбие жаттығулары
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа
ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап
жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30м. —8,5-7,5 сек).
«Үрілген доппен баскетбол ойнау» ойыны.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. «Үрілген доппен баскетбол ойнау» ойыны. | Топқа дұрыс бөлінбеуі. Олар қалаған орындарына баскетбол алаңына тұрмауылары. Команда капитандары ортаға шығады. Мұғалім капитандардың арасына үрілген допты лақтырмауы. |
2. Мұғалімнің белгісімен бастауы. | Мұғалімнің белгісімен күтпеуі. Одан кейін доп екі команданың біреуіне дұрыс түспеуі. Команда ойыншылары допты жерге соғу арқылы оны бір-біріне бермеуі. Мақсатқа жеткеннен кейін доп қайтадан ойын алаңына капитандардың немесе ойыншылардың арасына лақтырылады Допты қолдан жұлып алуға болмайтындығы. |
3. Доп баскетбол қалқанына тиген кезде, команда бір ұпайға иеленеді. | Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы. Өз идеясын ортаға салмауы. Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы. Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы. Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары. Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: Баскетбол ойынындағы қозғалмалы ойындар
http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/657771/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?