Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 89 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №89
Қимыл – қозғалыс қызметінің дамытудағы ойынның рөлі
Дене шынықтыту жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын түрлерінде өткізіледі. Баланы қимыл-қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады. Мысалы, 6-8 жастағы баланы коньки тебуге 9-11 жас кездегіден үйрету жеңіл. 8-12 жас аралығында дәлдік пен үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты іс жүзінде қандай да болсын қимыл-қозғалысқа үйретуге болады. Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды (мысалы, екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған. Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі. 8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды, ал 10-11жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді, тіпті 10-11жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі. Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлауғдың басым болуымен байланысты, нақты, заттық тітіркендіргіштерге қарағанда, сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады. Сондықтан (әсіресе бозбалалық шақта), негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы арқылы қимыл-қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғарғы қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен, қимылдарының ретсіздігімен (ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілуге кезеңіне жақын мидыңталдау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйіну арқылы жасөспірім лардың түрлерін тез меңгереді. Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі қиын жаттығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан-жақты даму, проприоцепия апаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек. Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығуларымен өзін-өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық делетанизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды. Адамның ерікті қимыл-қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қабаттасуымен қатарласа жүреді. Қимыл-қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуге, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерңінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметіне тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесін оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасаған жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойғға сіңіру процесінде тәжірибесінің шешуші рөл атқаратыны естен шығармаған жөн. Адамдардың ерікті қимылдардың жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттерінің ең жоғарғы психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты. Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз-өте жоғарғы маңызды сигнал. Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс жәнеақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруларына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістертердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаутін азайтады. Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік-жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты суық тигеннен болатын аурулардың жиілігі төмен. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі қимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп. Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері. Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар, негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатынасуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады. Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. Бала ойынмен өседі – демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол-сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді.
Әдістемелік нұсқаулық
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Сабақ тақырыбы: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
Оқу мақсаттары:
3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау
Сабақтың мақсаты:
Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.
Бағалау критерийлері:
• өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі.
1.Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Бой сергіту жаттығулар
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
2.Сабақтың ортасы.
- «Американдық үшбұрыш».
- Сыныпты 4 адамнан тұратын топқа бөлу.
- Төрт ойыншыдан үшеуі шеңберге тұрады да қолынан ұстап қолдарын кеңінен созады.
- Шеңбер сыртындағы бір ойыншы жүргізуші болады.
- Оның міндеті шеңбер ортасына кіріп үш ойыншының біреуін мұздатып қою (айналып, секіріп, аттап өту,).
- Қарсыластың міндеті- шеңбер ішіне ойыншыларды жеткізбеу.
- Егер жүргізуші ойыншыға қолын тигізсе, онда жүргізуші мен ойыншының орны ауысады.
- Спорт залды бірнеше ойын алаңына бөлу.
3. Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
- Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
- Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
- Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?