Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 89 сабақ.
Дидактикалық материал №89
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады.
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары:
1. Дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.
2. Дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек.
З. Дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті.
4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау. Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі. Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы. Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы. Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі. Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы. Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі. Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.
Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі. Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады. Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар. Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы. Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек. Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.
Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, «Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?» деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.
Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында «жаксы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады. Ал «Жарайсың, міне қандай әдемі!» деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.
«Американдық үшбұрыш» ойыны.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. «Американдық үшбұрыш» ойыны. | Топқа дұрыс бөлінбеуі. Төрт ойыншыдан үшеуі шеңберге тұрмауы. Қолынан ұстап қолдарын кеңінен созбауы. Шеңбер сыртындағы бір ойыншы жүргізуші болмауы. Оның міндеті шеңбер ортасына кіріп үш ойыншының біреуін мұздатып қоймауы. |
2. Мұғалімнің белгісімен бастауы. | Мұғалімнің белгісімен күтпеуі. Қарсыластың міндеті- шеңбер ішіне ойыншыларды жеткізбеуі. Егер жүргізуші ойыншыға қолын тигізсе, онда жүргізуші мен ойыншының орнының ауыспауы. |
3. Кім бірінші аяқтайды сол жеңіске жетеді. | Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы. Өз идеясын ортаға салмауы. Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы. Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы. Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары. Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: Қозғалмалы ойындарға арналған
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?