Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 89 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады
Сабақ мақсаты:
Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.
Бағалау критерийлері:
өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.
Сонымен қатар ойыншыны
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Жарыс элементтері бар ойындар
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(C, Т, ҚБ) «Американдық үшбұрыш». Сыныпты 4 адамнан тұратын топқа бөлу. Төрт ойыншыдан үшеуі шеңберге тұрады да қолынан ұстап қолдарын кеңінен созады. Шеңбер сыртындағы бір ойыншы жүргізуші болады. Оның міндеті шеңбер ортасына кіріп үш ойыншының біреуін мұздатып қою (айналып, секіріп, аттап өту,). Қарсыластың міндеті- шеңбер ішіне ойыншыларды жеткізбеу. Егер жүргізуші ойыншыға қолын тигізсе, онда жүргізуші мен ойыншының орны ауысады. Спорт залды бірнеше ойын алаңына бөлу. Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай қабілеттерді қоладндыңыз және қалай? Бұл тапсырмада қандай ерік қасиеттері пайда болады?
«Американдық үшбұрыш» ойыны.
Дескриптор:
- Шеңбер ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?