Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 91 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық91

Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады. Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі: Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады. Ойындардың сапалылығы: Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі ғасыр, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.  А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық. «Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару»,«Қуыршақты киіндіреміз» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында саралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым – қатынасын, баланың мінез – құлқын белгілейді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады. Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.  

Әдістемелік нұсқаулық

7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Сабақ тақырыбы: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі

Оқу мақсаттары:

3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру

Сабақтың мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру шеберлігін түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийлері:

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді жетілдіреді.

1.Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Бой сергіту жаттығулар

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

2.Сабақтың ортасы.

  • «Күзетшілер мен барлаушылар».
  • Ойыншылар екі топқа бөлініп арақашықтығы 20 метрде бір біріне қарама қарсы орналасады.
  • Алаң ортасында шеңберде волейбол добы қойылған.
  • Командадағы ойыншылар қатармен есептеледі.
  • Барлаушылардың міндеті-допты өз сызықтарына алып кету.
  • Бекетшінің міндеті оған тосқауыл қою.
  • Мұғалім ойыншының номерін айтатын болса допқа жүгіріп барады.
  • Барлаушы бекетшіні озып допты алып кетуге әрекет жасайды.
  • Егер барлаушы допты алып кетсе бектеші барлаушының тобына қосылады.
  • Ал егер бекетші барлаушыға жетіп қолын тигізсе барлаушының тобына қосылады.
  • Ойын кезінде ойыншылар рольдерімен ауысады.
  • Ойын соңында басқа топтан келген ойыншылар саны саналып қайта орындарына қосылады
  • Ең көп ойыншылар өз топтарына қабылдаған ойыншылар жеңіске жетеді.
  • Ойын алдында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізіңіз.
  • Ойын барлық ойыншылар аяқталғанға дейін ойын жалғасады.
  • Ойынды бірінші рет жай бастаңыз.
  • Оқушылардың қауіпсіздік ережесін түсінгеніне көз жеткізіңіз.

3. Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 91Дене шынықтыру

Сынып: ____3_____ Күні: ___________

7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Сабақ тақырыбы: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту

Сабақ тақырыбы: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі

Оқу мақсаттары:

3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру

Сабақтың мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру шеберлігін түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийлері:

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді жетілдіреді.

Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады

№ 1 Тапсырма: Барлаушылардың міндеті-допты өз сызықтарына алып кету.

№ 2 Тапсырма: Барлаушы бекетшіні озып допты алып кетуге әрекет жасау.

№ п/п

Аты-жөні

оқушының

Дескрипторлар

Тапсырма № 1

Шеңбер ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

Ойынның ережесін біледі.

Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді

1

2

  • Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
  • V - (өте жақсы)
  • Z – (жақсы)
  • S - (әліде жұмыстану керек)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу