Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 91 сабақ.
Дидактикалық материал №91
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
«Өмір өзегі — қозғалыс» — Аристотель. Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.
Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Адам іс — әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді.
Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен. Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория. Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен. Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар, негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін — жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету — өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты. Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.
«Күзетшілер мен барлаушылар» ойыны.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. « Күзетшілер мен барлаушылар» ойыны. | Топқа дұрыс бөлінбеуі. Алаң ортасында шеңберде волейбол добы қойылмағаны. Командадағы ойыншылар қатармен есептелмеуі. Барлаушылардың міндеті-допты өз сызықтарына алып кетпеуі. Бекетшінің міндеті оған тосқауыл қоюмауы. Мұғалім ойыншының номерін айтатын болса допқа жүгіріп барамауы. Барлаушы бекетшіні озып допты алып кетуге әрекет жасамауы. |
2. Мұғалімнің белгісімен бастауы. | Мұғалімнің белгісімен күтпеуі. Егер барлаушы допты алып кетсе бектеші барлаушының тобына қосылмауы. Ал егер бекетші барлаушыға жетіп қолын тигізсе барлаушының тобына қосылмауы. Ойын кезінде ойыншылар рольдерімен ауыспауы. Ойын соңында басқа топтан келген ойыншылар саны саналып қайта орындарына қосылмауы. |
3. Ең көп ойыншылар өз топтарына қабылдаған ойыншылар жеңіске жетеді. | Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы. Өз идеясын ортаға салмауы. Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы. Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы. Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары. Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: Қозғалмалы ойындар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды