Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
3-сынып
3-тоқсан
Бөлім | Командалық ойындар. |
Бөлімше | Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. |
Оқу мақсаты | 3.2.1.1. Қозғалыс қызметінде рөлдер мен міндеттерді қолдану. 3.1.2.1. Жүйелі жаттығулар жинағын жақсарту және орындау. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғарғы деңгей дағдысы. |
Бағалау критерийі | Әр түрлі қозғалмалы ойындарда рөлдер мен міндеттердің маңыздылығын анықтайды, ажыратады, жаттығулардың кешенінің реттілігін сақтап, жүйелі орындалуын көрсетеді. |
Тапсырма | |
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастаушы шеңбердің ортасына тұрып, допты алып «Допты көкке!» деп лақтырады. Қалғандары шеңбердің ортасынан алысқа кетіп қалуға тырысады. Бастаушы тоқтап, орнынан қозғалмастан өзіне жақын тұрғанға допты лақтырады. Осылайша доп тиген ойыншы жүргізуші болады. Егер жүргізуші допты ұстай алмай қалса, «Тоқта!» деп айқайлайды. Допты көкке лақтырып, ойынды жалғастырады.
| |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Әр түрлі қозғалмалы ойындарда рөлдер мен міндеттердің маңыздылығын анықтайды, ажыратады, жаттығулардың кешенінің реттілігін сақтап, жүйелі орындалуын көрсетеді. | Оқушы -ойынның шарттарын біледі, ережесін ажыратады; -ойынға белсенді қатысады; -ойында өзінің рөлінің маңыздылығын ажыратады; -допты жоғары лақтырғанда, қағып алғанда ептілікті (үйлесімді аяқ, қол қозғалысын) қолданады; -жаттығуларды орындағанда жүйелі, үйлесімді (бой жазу, демді ретке келтіру) орындай алады; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?