Топтық, командалық эстафеталар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Командалық ойындар. Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топтық, командалық эстафеталар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 Дене жаттығуларының бұлшық ет дамуына пайдасын түсіну және білімін көрсету.

3.3.2.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін түсіндіру және көрсету.

 Сабақ мақсаттары

Командалық ойындарда жаттығуларының бұлшық ет дамуына пайдасын, жүйелі жаттығулар жинағын орындағанда ағзадағы дене өзгерістерін бақылау.

 Бағалау критерийлері

Командалық эстафеталар барысында, тапсырмаларды орындағанда бұлшық ет қозғалыстарының дамуын бақылау, жаттығулар жинағын орындау және көрсету.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, басқа сөзбен айту); мысалы; адал ойын, ереже, жарыс, ынтымақтастық, өзге адамдардың сұранысын және мүмкіндіктерін түсіну.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты түсініктері нығаяды. Қазақстанның Олимпиада чемпиондары туралы білімі.

 Пәнаралық байланыстар

Жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылардың қозғалыс ойындарында, спорт ойындарының элементтерінен кейбір дағдылары мен шеберліктері, ойын алаңында қозғалы дағдылары бар. Бірге жұмыс істеп және жарыса отырып, бір-бірлерінің өнері мен белсенділігін бағалап, міндеттерді орындап, жаңаларын ойлап табады.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Тж, Б, Тәж) «Альпинистер». Алпинистердің екі тобы гимнастикалық қабырғадан 6- жерде тізіліп тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасына гимнастикалық сәкілер төңкеріліп қойылады. Қабырғаның шеткі аралықтарының қасына гимнастикалық маттар төселеді. Мұғалімнің белгісімен бірінші ойыншылар гимнастикалық сәкіден өтіп, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғарысына шығып, қайта өрмелеп түседі. Қабырғаның шығатын биіктігін мұғалім алдын ала белгілейді. ойыншы 70-75 см-ден аспайтын биіктікте орналасқан гимнастикалық қабырғадан түскен кезде бормен белгіленген шеңберге секіріп түсе алады. Түскен ойыншы сапқа соңғы болып тұрады.

«Секірмекмен жүгіру»

Ойыншылар сапта сөре сызығы бойында тұрады.

Ысқырық естілген кезде әр топтың бірінші ойыншысы секірмекмен секіріп, сақинаны айналады да, секірмекті сақинаның ішіне қалдырып, тобына кәдімгідей жүгіріп келеді. Екінші ойыншы эстафетаны кәдімгідей жүгіріп бастап, секірмекті алады да, тобына онымен секіріп келеді.

Әрбір тапсырма түріне үлкен бос кеңістік. Швед қабырғасы, гимнастикалық саты, дистанцияны белгілеу үшін конустар.

Секірмелер, конустар, гимнастикалық сақиналар

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Қимыл-қозғалысқа құрылған ойындарды ойнау кезінде ықтимал қауіптердің алдын алудың жолдарын ұсыну. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақта ойын, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Өзін-өзі сақтандыруға дағдыландыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу