Баскетбол элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
3-сынып
3-тоқсан
Бөлім | Командалық ойындар. |
Бөлімше | Баскетбол элементтері бар эстафета. |
Оқу мақсаты | 3.1.3.1 Жаттығуларды орындау кезінде физикалық қасиеттерді анықтау және орындау. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғарғы деңгей дағдысы. |
Бағалау критерийі | Доппен орындалатын жаттығуларда, тапсырмаларда дене қасиеттерін, тактика мен стратегияны үйлесімді пайдалана білу. |
Тапсырма | |
Төреші ойын басталды деген бұйрық берген кезде бірінші ойыншылар алға жүгіріп, допты еденге ұра отырып, қарсы бете орналасқан щиттерге дейін жүгіріп келіп, кәрзеңкеге немесе қалқаншаға (келісім бойынша) лақтырады да, кері қарай дәл солай допты еденге ұра отырып, баскетбол алаңының ортасына дейін келіп, ол жерде дайын тұрған өз тобының келесі ойыншысына береді. Келесі ойыншылар допты қағып алып, дәл солай қайталайды.
| |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Доппен орындалатын жаттығуларда, тапсырмаларда дене қасиеттерін, тактика мен стратегияны үйлесімді пайдалана білу. | Оқушы -ойындарда қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады; -ойынға белсенді қатысады; -ойын ережелерін, шарттарын біледі; -допты еденге ұрып алып жұру, қозғалу (үйлесімді аяқ, қол қозғалысын) анықтайды; -тапсырма барысында негізгі қимыл-қозғалыстарды, қатерлерді (аяқ, қолдың қозғалысы) анықтайды; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?