Баскетбол элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Командалық ойындар. Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Баскетбол элементтері бар эстафета.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Жаттығуларды орындау кезінде физикалық қасиеттерді анықтау және орындау.

 Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс қызметінде өзінің физикалық қасиеттерін анықтау және тапсырманы үйлесімді орындау.

 Бағалау критерийлері

Доппен орындалатын жаттығуларда, тапсырмаларда дене қасиеттерін, тактика мен стратегияны үйлесімді пайдалана білу.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, басқа сөзбен айту); мысалы; адал ойын, ереже, жарыс, ынтымақтастық, өзге адамдардың сұранысын және мүмкіндіктерін түсіну.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады.

 Пәнаралық байланыстар

Жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бірге жұмыс істеп және жарыса отырып, бір-бірлерінің өнері мен белсенділігін бағалап, міндеттерді орындап, жаңаларын ойлап табады.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Б, Ж, К, Ф) Ойыншылар екі топқа бөлініп, баскетбол алаңының қапталдарының оң жақ бұрышына бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрады. Бас сызық ойынның сөре сызығы болып табылады. Негізгі ойыншылар сөре сызығында тұрады да, бір-бір допқа ие болады. Қалғандары олардың бүйірінде қапталдағы сызық бойында тұрады.

Төреші ойын басталды деген бұйрық берген кезде бірінші ойыншылар алға жүгіріп, допты еденге ұра отырып, қарсы бете орналасқан щиттерге дейін жүгіріп келіп, кәрзеңкеге немесе қалқаншаға (келісім бойынша) лақтырады да, кері қарай дәл солай допты еденге ұра отырып, баскетбол алаңының ортасына дейін келіп, ол жерде дайын тұрған өз тобының келесі ойыншысына береді. Келесі ойыншылар допты қағып алып, дәл солай қайталайды. Барлық ойыншылар белгіленген тапсырманы орындағанша ойын жалғасады.

Допты жылдам берген және аз қателік жіберген немесе мүлдем қателеспеген топ жеңіске жетеді. Егер топ допты кешігіп берсе де, аз қателік жіберсе, сол топ жеңімпаз болады.

Әрбір тапсырма түріне үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары, баскетбол қалқаншалары, сақиналар, үлкен бос ойын кеңістігі, мұғалім үшін ысқырық. Шекараны және ойын алаңының көлемін айқындау үшін бор немесе конустар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындар барысында әдеттегі күрделі, жәй тапсырмаларға назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Қимыл-қозғалысқа құрылған ойындарды ойнау кезінде ықтимал қауіптердің алдын алудың жолдарын ұсыну. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақта ойын, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Өзін-өзі сақтандыруға дағдыландыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу