Командалық, топтық эстафеталар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Командалық, топтық ойындар. Ортақ тақырып:Атақты тұлғалар. | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ. | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып:3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: | Командалық, топтық эстафеталар. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.3.1 Дене жаттығуларының бұлшық ет дамуына пайдасын түсіну және білімін көрсету. 3.3.2.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін түсіндіру және көрсету. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Топтық ойындарда бұлшық етті дамытатын дене жаттығуларын анықтау, көрсету және ойындарда ағзадағы дене өзгерістеріне бейімделу. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Бұлшық етті дамытатын дене жаттығуларын дамытады, жаттығуларды жүйелі орындайды және топтық ойындарда белсенділік танытады, ағзадағы дене өзгерістеріне бейімделген. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Қозғалыс ойындары қозғалыс дағдыларын қалай дамытатындығын баяндап және көрсете алуды меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру. | ||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру | Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, топтық жұмыс барысында көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру, өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты білім алуға дайын болу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Көшбасшылық ойындардың сілтемесі: | ||||||||||
Бастапқы білім | Сабақ барысында оқушылар денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты түсініктері нығаяды. Сондай-ақ оқушылар секіру, лақтыру, бір орыннан беру, допты алып жүру секілді машықтарын жақсартады. Бірге жұмыс істеп және жарыса отырып, бір-бірлерінің өнері мен белсенділігін бағалап, міндеттерді орындап, жаңаларын ойлап табады. | ||||||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 15 минут | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, демді ретке келтіру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық. секундомер. | |||||||||
Сабақтың ортасы | (Тж, Б, Тәж) «Альпинистер». Алпинистердің екі тобы гимнастикалық қабырғадан 6- жерде тізіліп тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасына гимнастикалық сәкілер төңкеріліп қойылады. Қабырғаның шеткі аралықтарының қасына гимнастикалық маттар төселеді. Мұғалімнің белгісімен бірінші ойыншылар гимнастикалық сәкіден өтіп, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғарысына шығып, қайта өрмелеп түседі. Қабырғаның шығатын биіктігін мұғалім алдын ала белгілейді. ойыншы 70-75 см-ден аспайтын биіктікте орналасқан гимнастикалық қабырғадан түскен кезде бормен белгіленген шеңберге секіріп түсе алады. Түскен ойыншы сапқа соңғы болып тұрады. (Ф, Тәж) «Секірмекмен жүгіру» Ойыншылар сапта сөре сызығы бойында тұрады. Ысқырық естілген кезде әр топтың бірінші ойыншысы секірмекмен секіріп, сақинаны айналады да, секірмекті сақинаның ішіне қалдырып, тобына кәдімгідей жүгіріп келеді. Екінші ойыншы эстафетаны кәдімгідей жүгіріп бастап, секірмекті алады да, тобына онымен секіріп келеді. | Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. конустар. Швед қабырғасы, гимнастикалық саты, дистанцияны белгілеу үшін конустар. Таңдалған тапсырма үшін үлкен бос кеңістік, гимнастикалық секірмеклер, конустар, гимнастикалық сақиналар. Мұғалім үшін ысқырық. | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Командалық, топтық ойындарда бұлшық ет дамуына бағытталған іс-қимылдарға назар аударады, анықтамалар береді. Оқушылар ағзадағы дене өзгерістерінің ұтымды тұстарын анықтап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||||||
Командалық, топтық ойындарда негізгі қозғалыс дағдыларына, сапаларына мән беру. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану. Жүйелі жаттығулар жинағын орындалуының мағынасын ашу, жақсарту. Бұлшық етті дамытатын ойындар бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар негізгі қозғалыс дағдыларын қайталап, сынып алдында өз бетінше көрсету. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну. | Оқушылар жұптық және топтық қозғалыс қызметінде рөлдер мен міндеттерді қолдану, ұтымды, белсенді жұмыс істеуі. Білім алушы дене жаттығуларының сауықтыруға пайдасын түсіну, қателерін түзету, өзіне ыңғайлы тәсілдерін, ұтымды амалдарды пайдалану. Бірлескен жұмыста жүйелі жаттығулар жинағын тиімді қолдану. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі, басқа орындаушылардың сапасын бағалау. | Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Командалық, топтық жұмыста денсаулықты нығайтуға ықпал ететін тапсырманың шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Жекелеген деңгейлі тапсырмаларды құру, орындалуын қадағалау. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау. 2: Жаттығулар барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы. 2: Жаттығулар жинағына жүйелі ықпал ететін факторлар. Тапсырмалардың, жаттығулардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, ынтымағын және әділдігін ұстану, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Жұппен және топта жұмыс істеуге және жүйелі жаттығулар жинағын жақсартуға, бұлшық етті дамытатын жаттығуларға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?