Баскетбол элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 78 сабақ.


6-бөлім Топтық ойындар элементтері

Тақырыбы: Баскетбол элементтері бар эстафета

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау.

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

Сабақ мақсаты:

Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.

Бағалау критерийлері:

өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі..

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Топтық ойындарға түсінік

Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүддетуралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртәпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысында бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті – балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару. Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әректте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек. ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады. Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Оқушылар баскетбол торының алдында тізбекке тұрады. Белгі бойынша біріншілері допты торға тастайды да тізбектің соңына тұрады. Қалғандары дәл осы тапсырманы қайталайды. Торға көп түсірген команда жеңіске жетеді. Мұғалім оқушыларға командалық ойындар барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелері мен бір-біріне деген сыйластықтары туралы ескертеді. Лақтырулар әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Жаттығуды орындаудағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сараптап отырыңыз.

Баскетбол добын корзинаға түсіру.

Дескриптор:

- Баскетбол добын торға салу кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды;

- Допты кәрзеңкеге түсіру техникасын орындайды;

- Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу