Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 64 сабақ.


3 сынып

№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері

Сабақтың тақырыбы:

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Оқу мақсаты:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету.

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

Сабақ мақсаты:

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулардың орындалуын көрсетеді және тапсырмаларды орындау кезінде айырмашылықтарды және рөлдерді көрсету.

Бағалау критерийлері:

- Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындап көрсете алады;

- Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру керек екенін түсінеді,

- Тапсырманы орындау кезінде рөлдерді көрсете алады.

Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын талқылауда, топтық немесе қозғалыс ойындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан білетін ережелерді сұрау, және толықтыру. Қауіпсіздіктің не үшін керектігін түсіндіру, талқылау. Ойын кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздікті мұқият сақтау керектігін айту.

«Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»

Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Яғни, оқушыларды тең екі топқа бөліп, «Жәмпи» ұлттық көше ойынын ойнату.

Ойынның мақсаты: мергендік және дәлдік қабілеттерді дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Шеңбер сызылады және сол шеңбердің ішіне бос қауашақтар немесе кеглилер тігіледі. Бірінші команда белгіленген жерден жеңіл допты жерлетіп, «боулинг» ойыны сияқты түзу лақтырады. Егер лақтырылған доп кеглилерді құлататын болса, онда топ ойыншылары оны қайта жинап, «жәмпи» деп айлайды. Ал, екінші команданың мақсаты шеңбер ішіне бірінші топтың ойыншыларын кіргізбей, жеңіл доппен ұру арқылы оларды жансыздандыру.

Егер бірінші топтың ойыншылары қауашақтарды немесе кеглиді жинаса, онда сол топ қайта допты лақтырады. Егерде барлық ойыншы жансызданып, қауашақтар құрылмаса, онда екінші топ ойыншылар доп лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

Ойынға барлық ойыншы қатысады және оқушылардың мақсаты ойын арқылы дәлдік, мергендік қабілеттерін дамыту. Допты түзу лақтыру арқылы қауашақтарды көздей отырып, дәл тигізу.

Дискриптор:

Ойынды өз ережесімен ойнау,

Топта белсенділік, ептілік таныту;

Допты жерлетіп лақтыру;

Мергендік, дәлдік қабілеттерін жетілдіру.

Ойынды қорытындылау:

Ойынға қатысқан ойыншылардың іс-әрекеттеріне бағалау жүргізу. Жалпы, ойынды қорытындылау. Ойындағы кемшіліктерді, ойыншылардың іс-әрекеттеріне тоқталы. Сұрақ жауап арқылы оқушылардың ойын барысында қандай дағдылары қалыптасқандығын сұрау. Ойын ережесіне сай жүргізілді ме? Қауіпсіздік сақталды ма? Бұл ойынға қандай балама ойын құрастыруға болады? Дәлдік, мергендік, ептілік дағдыларды дамытатын тағы қандай ойындарды білетіндігін сұрау және сол ойындарды ережемен ойнату.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу