Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 65 сабақ.


№65 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»

Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Топтық ойындар кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда мұғалімнің рұқсатымен орындау.

Оқушыларды тең үш топқа бөліп, эстафеталық ойындар ойнату арқылы мергендік қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, сол жерден үш рет дартс атады. Әр оқушы үш реттен (дротик) атып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.

  • Оқушылар белгіленген жерге дейін түзу жүгіріп барып, сызықты баспай, 150г теннис добын кәрзеңкеге лақтырып түсірулері қажет.

  • Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барады да, сол жерден кіші аға аттың үстінде тұрған үш кеглиге бір рет кіші допты латырып, тигулері қажет. Қайтарда түзу жүгіріп келеді.

Дискриптор:

  • Ойында қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Жылдамдық, ептілік дағдыларын дамыту;
  • Мергендік, дәлдік қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы арттыру.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Оқушыларды әр эстафеталық жарыс аяқталғаннан кейін бағалап отыру. Яғни, тапсырманы орындаудағы кемшіліктерді айтып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау. Әр тапсырманы орындауда қандай дағдылар қалыптасып жатқандығын сұрау. Қай тапсырманың орындалуы қиын болғандығын сұрау.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру  және өткізу әдістемесі.

1. Ойын туралы түсінік

      Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.

      Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.

      Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты.

      Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.

    Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.

      Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.

      Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.

           Ереже – ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың  міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды.

      Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.(5)

Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері.

     Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.

      Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.

      Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.

Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.

      Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.

      Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу