Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 65 сабақ.
3 сынып
№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері
Сабақтың тақырыбы:
Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар
Оқу мақсаты:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету.
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақ мақсаты:
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулардың орындалуын көрсетеді және тапсырмаларды орындау кезінде айырмашылықтарды және рөлдерді көрсету.
Бағалау критерийлері:
- Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындап көрсете алады;
- Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру керек екенін түсінеді,
- Тапсырманы орындау кезінде рөлдерді көрсете алады.
Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
Өкшені артқа лақтырып жүгіру
Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
Артпен жүгіру
Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Топтық ойындар кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда мұғалімнің рұқсатымен орындау.
Оқушыларды тең үш топқа бөліп, эстафеталық ойындар ойнату арқылы мергендік қабілеттерін дамыту.
1. Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, сол жерден үш рет дартс атады. Әр оқушы үш реттен (дротик) атып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
2. Оқушылар белгіленген жерге дейін түзу жүгіріп барып, сызықты баспай, 150г теннис добын кәрзеңкеге лақтырып түсірулері қажет.
3. Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барады да, сол жерден кіші аға аттың үстінде тұрған үш кеглиге бір рет кіші допты латырып, тигулері қажет. Қайтарда түзу жүгіріп келеді.
Дискриптор:
Ойында қауіпсіздік ережесін сақтау;
Жылдамдық, ептілік дағдыларын дамыту;
Мергендік, дәлдік қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы арттыру.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушыларды әр эстафеталық жарыс аяқталғаннан кейін бағалап отыру. Яғни, тапсырманы орындаудағы кемшіліктерді айтып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау. Әр тапсырманы орындауда қандай дағдылар қалыптасып жатқандығын сұрау.
Сқраңыз: Қай тапсырманы орындау қиын болды?
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?