Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 66 сабақ.
№66 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»
Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындарды ойнату мақсатында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, садақ ату, тымақ ату ойындарын топтарға бөліп онату.
1.«Асық» ойынының ережесімен таныстыру. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасына асықтар тігіледі. Топтағы ойыншылар шеңбердің екі жағынан белгіленген жерден асықты атып, шеңберден шығарулары тиіс. Қай топ көп асықты атады, сол топ жеңімпаз атанады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушылармен асық ату ойынынан кейін ойынға талдау жүргізу. Асық ату түрлерін, асықпен ойналатын ойындардың атауын сұрау. Асық ату мергендікті дамытатын ойын екенін қалай аңғарғанын сұрау. Оқушылардан кімнің асықты жақсы ататынын талқылау.
2. «Тымақ ату» ойынын ойнату.
Белгіленген жерде ағаштың немесе белгінің басында тымақ (бас киім немесе басқа зат) кигізулі тұрады. Оқушылардың бір-бірлеп көздері байланады және мұғалім оларды бір орында бірнеше рет айналдырады. Оқушының міндеті түзу жүріп барып, белгідегі тымақты қолындағы таяқпен төменнен жоғары қолды көтеру арқылы ұрып түсіру. Тымақты дәл ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады.
Дискриптор:
- Ойында қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Мергендік, дәлдік қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы арттыру.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушылармен ойынды талқылау. Неге тымақ ату қиынға түскендігін сұрау. Көзді жұмып тапсырманы орындау қалай қиынға соққандығын талқылау. Ойынның негізгі ережесін оқушыларға түсіндіре отырып, балама ойын ережесін құруды тапсыру. Оқушыларде жекелей мақсау, мадақтау арқылы бағалау.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Асық ату ойынының ережесі.
Асық ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсақа ғой немесе асығы алшысынан түсті., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтайнемесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар.
Асық иіру — ойыншы асықты иіргенде көп асық қолына сыймайтын болса екі-үш бөліп иіруіне болады. Асық иірудің әдісі — ойыншы асықты жай шашып тастамайды аса ептілікпен иіреді. Асықты қос қолдап немесе бір қолмен иіріп тастайды. Қолды төңкеріп немесе көн киіздің ортасын көздеп шиырлата иірген асық дұрыс орындалған болып есептеледі.
Асық ату — бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы қажетті асықты атқанда екі қолдың он саусағының кез-келгенін пайдаланады. Асық атудың әдісі — ойыншы көндегі асықтың орналасуына қарай асықтарды атады. Асықты атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс.
Асық ойнаудың тигізер пайдасыОйнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?