Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 66 сабақ.


3 сынып

№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері

Сабақтың тақырыбы:

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Оқу мақсаты:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету.

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

Сабақ мақсаты:

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулардың орындалуын көрсетеді және тапсырмаларды орындау кезінде айырмашылықтарды және рөлдерді көрсету.

Бағалау критерийлері:

- Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындап көрсете алады;

- Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру керек екенін түсінеді,

- Тапсырманы орындау кезінде рөлдерді көрсете алады.

Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындарды ойнату мақсатында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, садақ ату, тымақ ату ойындарын топтарға бөліп онату.

1.«Асық» ойынының ережесімен таныстыру. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасына асықтар тігіледі. Топтағы ойыншылар шеңбердің екі жағынан белгіленген жерден асықты атып, шеңберден шығарулары тиіс. Қай топ көп асыққа тигізеді, сол топ жеңімпаз атанады.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Оқушылармен асық ату ойынынан кейін ойынға талдау жүргізу. Асық ату түрлерін, асықпен ойналатын ойындардың атауын сұрау. Асық ату мергендікті дамытатын ойын екенін қалай аңғарғанын сұрау. Оқушылардан кімнің асықты жақсы ататынын талқылау.

2. «Тымақ ату» ойынын ойнату.

Белгіленген жерде ағаштың немесе белгінің басында тымақ (бас киім немесе басқа зат) кигізулі тұрады. Оқушылардың бір-бірлеп көздері байланады және мұғалім оларды бір орында бірнеше рет айналдырады. Оқушының міндеті түзу жүріп барып, белгідегі тымақты қолындағы таяқпен төменнен жоғары қолды көтеру арқылы ұрып түсіру. Тымақты дәл ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады.

Дискриптор:

Ойында қауіпсіздік ережесін сақтау;

Мергендік, дәлдік қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы арттыру.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Оқушылармен ойынды талқылау. Неге тымақ ату қиынға түскендігін сұрау. Көзді жұмып тапсырманы орындау қалай қиынға соққандығын талқылау. Ойынның негізгі ережесін оқушыларға түсіндіре отырып, балама ойын ережесін құруды тапсыру. Оқушыларде жекелей мақсау, мадақтау арқылы бағалау.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу