Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 70 сабақ.
№70 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.
«Айналмалы доп» қозғалыс ойынын ойнату.
Ойнаушылар екі командаға бөлінеді. Алаңда диаметрі 9-10 м шеңбер сызылады (ойыншылардың дайындығына байланысты диаметрі көп немесе аз болуы мүмкін). Бір команда шеңберде, ал екіншісі — одан тыс жерде орналасады, бұл команда жүргізуді бастайды. Ойын бастаушылары допты (волейбол добын), шеңбер ішіндегі ойыншыларға лақтыра бастайды. Доп кімге тисе ол ойыншы ойыннан шығады. Доп жерге тимей ойыншыларға июі керек.Ойыншылар шеңберден тыс қалмауы керек, әйтпесе олар ойыннан шығып кетеді. Барлық ойыншылар шеңберден шығып кеткеннен кейін командалар орын ауыстырады.
Дискриптор:
- Ойында ережені мұқият ұстанады;
- Өз идеясымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс жасайды;
- Шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту.
Сұраңыз: Бұл ойын әріптестік дағдысына ықпал ете ме және олар нені дамытады?
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған ойындардың ерекшеліктері.
Ойын балалардың негізгі іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойынның ерекшеліктері (К. Стопоро):
- ермек ойындар — ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірінің артынан қуу, қытықтау және т. б.;
- жаттығу ойындар – сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған, мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
- сюжетті ойын — ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету, мысалы: әр түрлі аспаптарда ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету;
- процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару;
- дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді, жеке басты сыйлауды талап етуден тұрады
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?