Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 74 сабақ.


№74 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.

«Шарды ұр» ойынын ойнату

Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.

«Қызыл жалау» ойынын ойнату

Оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр топтың өзінің жалауы болады. Алаң ортасынан үлкен сызық сызылып, екі топ екі алаңға орналасады. Әр топтың міндеті қарсы бетке өтіп, қарсы топтың жалауын өз алаңына алып келу. Ойыншылардың мақсаты алаңдарындағы белгілі аймақтағы өз жалауларын қорғау, қарсы топқа алып кетуге кедергі болу. Егер ойыншылар қарсы алаңға кіріп, сол алаңның ойыншылары ұстап алса, онда ол ойыншы жансызданып, жерлеп отырады. Оған өзінің командасының ойыншысы келіп, қол беру арқылы ойынға қайта қоса алады. Ойын уақытқа ойнатылады.

Ойын оқушылардың жылдамдық, ептілік, шапшаңдық дағдыларын дамыту мақсатында ойнатылады. Ойыншылар бір-бірін қуып жету арқылы жүгіру дағдылары дамиды.

Дискриптор:

  • Ойында ережені мұқият ұстанады;
  • Көшбасшылық қабілетін көрсете алады;
  • Шапшаңдық, жылдамдық қабілеттерін көрсете алады.

«Шатасты шеш» ойынын ойнату.

Жүргізуші таңдалады. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрайды. Жүргізуші теріс қарап тұруы керек. Сол кезде оқушылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп шатастырады. Оқушыларға ұстаған қолдарын үзуге тыйым салынады. Осыдан кейін жүргізуші шеңберді үзбей, бастапқы қалыпқа қайтаруы керек.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту.

Сұраңыз: Қандай ойындар сіздердің көңіл күйілеріңізге және өздеріңізді сергек сезінуге көмектеседі?

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған ойындардың ерекшеліктері.

Ойын балалардың  негізгі  іс–әрекеті  ретінде  психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын  баланың даму құралы,  таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.  Кей бала ойында  шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі  уақыттық  бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.

Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. 

Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.

Ойынның  ерекшеліктері (К. Стопоро):

  • ермек ойындар — ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың  көмегі, мысалы: бір-бірінің артынан қуу, қытықтау және т. б.;
  • жаттығу ойындар – сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған, мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
  • сюжетті  ойын — ойын  әрекеті бар, алғашқы  қиялдағы   ситуацияларды  көрсету, мысалы: әр түрлі аспаптарда ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету;
  • процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге  байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару;
  • дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді, жеке басты сыйлауды талап етуден тұрады

Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.

      Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.

      Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет. Ойындары бар жүелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды.

      Белсенді, энергетикалық, көп қайталама қозғалыс әрекеттері бар, бірақта ұзақ бір жақты күш қуаттылықпен (әсіресе статистикалық) байланысты емес ойындар баллар мен жасөспірімдер ағзасына оң әсер етеді. Міне, сондықтан да ойындарда шамадан тыс бұлшық ет қуаттылығы және тыныс алудың созылмалы кідірістері болмауы қажет.

      Сауықтандыру қатынысында қозғалмалы ойындарды таза ауада жыл бойы өткізу айрықша құнды: айналысушылар шыныққан бола түспек, ағзаға келіп түсетін оттегі көлемі көбейеді.

      Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағысабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.

      Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.

Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері.

     Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.

      Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.

      Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.

Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.

      Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.

      Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.

Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың белсенділігі және қуаты қозғалыстардың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді.

      Қозғалыс бағыттары жиі ауысумен байланысты ойындарда иілгіштікті жетілдіру жүзеге асады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу