Баскетбол элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 78 сабақ.
3 сынып
№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері
Сабақтың тақырыбы:
Баскетбол элементтері бар эстафета
Оқу мақсаты:
3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану.
3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау.
Сабақ мақсаты:
Қозғалыс идеяларын, стратегия және жоспарларды талдау үшін әдістерді қолдану және тақырыпқа сай эмоциялар жасау үшін идеялармен эксперимент жасау.
Бағалау критерийлері:
Қозғалыс идеяларын, стратегия және жоспарларды талдау үшін жаңа әдістерді қолданады;
Тақырыпқа сай эмоциялар жасау үшін идеялармен эксперимент жасайды;
Эстафеталық ойындарда топта белсенділік танытады.
Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Баскетбол элементтері бар эстафета»
Оқушыларға бүгінгі оқу мақсатын түсіндіре отырып, тақырыпқа сай тапсырмалардың ережелерімен таныстыру. Яғни, баскетбол ойының элементтері бар эстафеталық ойын ойнату. Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.
Ол үшін оқушыларды тең екі немесе үш топқа бөліп, эстафеталық ойындармен жарыстыру.
1 –эстафета
Оқушылар бір-бірлеп эстафеталық таяқшамен жүгіріп, өз қатарларындағы соңғы белгіні айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді. Келесі оқушыға таяқшаны лақтырмай берулері тиіс.
2-эстафета
Оқушылар бір бірлеп баскетбол добын екі аяқтың ортасына қыстырып, секіреді. Белгіні айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
3-эстафета
Оқушылар бір-бірлеп белгіге дейін жүгіріп барып, сол жерде баскетбол добын жерге үш рет ұрады да допты сол жерге қайта қойып кетеді. Қайтарда түзу жүгіріп келіп, келесі оқушыға қол береді.
Қорытынды. Бағалау.
Барлық эстафета түрлерін қорытындылау. Тапсырманы орындау барысындаға оқушылардың кемшілік және қателіктерін айту. Оқушылардың қызығушылыгын арттыру мақсатында ынталандыру, мақтау, мадақтау сөздерін айтып, бағалау жүргізу. Жалпы, эстафеталық ойындардың мақсатына, ерекшелігіне тоқтала отырып, тапсырмалардың дұрыс орындалуын көрсету, айту, түсіндіру.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Эстафеталық және қимылды ойындардың маңыздылығы.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сәби шымыр болсын десек –денешынықтыру сабағында спорттық ұластырып, белсенді жаттығулар жасау қажет. Осы мақсатта біз келешекте де ұрпақтың денсаулығын сақтау әрі нығайту мақсатында тиімді іс-шараларды онан әрі жүзеге асырамыз. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады. «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», — деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
- Баскетбол ойынының дағдыларын игеру.
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?