Баскетбол элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 78 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 78
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 6 бөлім. Топтық ойындар элементтері | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Баскетбол элементтері бар эстафета | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану. 3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика және биология сабақтарымен байланыстыру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдікдағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Баскетбол элементтері бар эстафета» Оқушыларға бүгінгі оқу мақсатын түсіндіре отырып, тақырыпқа сай тапсырмалардың ережелерімен таныстыру. Яғни, баскетбол ойының элементтері бар эстафеталық ойын ойнату. Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. Ол үшін оқушыларды тең екі немесе үш топқа бөліп, эстафеталық ойындармен жарыстыру. 1 –эстафета Оқушылар бір-бірлеп эстафеталық таяқшамен жүгіріп, өз қатарларындағы соңғы белгіні айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді. Келесі оқушыға таяқшаны лақтырмай берулері тиіс.
2-эстафета Оқушылар бір бірлеп баскетбол добын екі аяқтың ортасына қыстырып, секіреді. Белгіні айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
3-эстафета Оқушылар бір-бірлеп белгіге дейін жүгіріп барып, сол жерде баскетбол добын жерге үш рет ұрады да допты сол жерге қайта қойып кетеді. Қайтарда түзу жүгіріп келіп, келесі оқушыға қол береді.
Қорытынды. Бағалау. Барлық эстафета түрлерін қорытындылау. Тапсырманы орындау барысындаға оқушылардың кемшілік және қателіктерін айту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ынталандыру, мақтау, мадақтау сөздерін айтып, бағалау жүргізу. Жалпы, эстафеталық ойындардың мақсатына, ерекшелігіне тоқтала отырып, тапсырмалардың дұрыс орындалуын көрсету, айту, түсіндіру. |
Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, кеглилер, шығыршық, мұғалім үшін ысқырық, барьер, гимнастикалық маты т.б. Эстафеталық және қимылды ойындарға сілтеме: http://открытыйурок.рф/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/591432/
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?