Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 52 сабақ.


5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік

Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Физикалық белсенділік және төзімділік

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі 

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

Бағалау критерийлері:

Дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап көрсетеді

Дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап түсіндіреді

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық. 

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері. 

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттығулары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(С, Т, К, ҚБ) Сынып жұптарға бөлінеді. 5-6 метр қашықтықта екі сызық сызылады. Оқушылар шеңбердің сыртына бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әрқайсысының қолында доп. Дабыл бойынша қатысушылар доптарын бір-біріне кездесетіндей етіп домалатады. Доптары кездескен жұпқа ұпай беріледі. Қайталау саны уағдаластық бойынша. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңеді. Ойынды таза ауада өткізуге болады. Әр түрлі доптарды (футбол, волейбол, теннис) пайдалануға болады, қашықтықты ауыстыруға болады. Оқушылардан доптары кездесуі үшін қандай стратегиялар қолданғанын сұрау.

Шеңбер ішіндегі ойын.

Дескриптор:

- Шеңбердің сыртындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Допты тигізетіндей стратегия жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу