Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 58 сабақ.


5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік

Тақырыбы: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.1.5.5. Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

Оқу бағдарламасына сілтеме

1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.

Сабақ мақсаты:

Бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы, байланыстарды қалай орындау және бағалау керектігін көрсетеді

Бағалау критерийлері:

Оқушылар жатығулардың динамикасын, іс-қимылын көрсете біледі және байланыстарды анықтай алады;

Қозғалыстардың қалай орындалу керектігін түсінеді.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық. 

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(С, К, ҚБ) «Мұзтау». Мұғалім ойынның барлық қатысушылары сиятындай етіп диаметрі бірдей үш шеңбер салады немесе ватман қағаздарын еденге жайып қояды. Ойын алаңында барлық ойыншылардың емін-еркін және абыл-сабыл қозғалуларынан басталады. Мұғалімнің «Мұзтаулар» белгісі бойынша бәрі бөлінген кеңістіктерге орналасу қажет. Кім шеңбердің шетіне тұрып қалса немесе шеңбердің ішіне кіріп үлгермесе, сол ойыннан шығады. Ойын жалғасып жатқан кезде берілген ойын алаңы біртіндеп қысқарады, соңында кішкентай шеңбер қалады. Ойынның соңында «мұзтауларда» жеңімпаз саналатын үш оқушы қалу қажет. Қауіпсіздік техникасы туралы әңгіме өткізу. Ойын алаңында бөтен заттар болмауы тиіс. Қозғалыс белсенділігінің пайдасы туралы талқылаңыз. Сұрақтар қойыңыз: Оң нәтижеге жету үшін қандай қасиеттер көмектесті?

Осы ойын арқылы қандай дене қасиеттерін дамытуға болады?

«Мұзтау» ойыны.

Дескриптор:

- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады.

- Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу