Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 50 сабақ.
3 сынып
5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі.
Физикалық белсенділік және төзімділік
Оқу мақсаты:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
3.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде бақылау стратегияларын көрсету, физикалық өзгерістерді анықтау
Бағалау критерийлері:
Жаттығуларды орындау барысында стратегияларды көрсетеді және ағзадаға өзгерістерді анықтайды.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
«Дене белсенділігі және төзімділік»
Қыздырыну жаттығуларын орындап болғаннан кейін, «Денсаулық және дене жүктемелері» бөлімінде қауіпсіздік ережелерін оқушыларға айтып түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда ережелерді сақтап, қауіпсіздікті ескеру.
Тапсырма
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Командалар бір-біріне қарсы орналасып, екі сапқа тұрады. Бірінші ойыншыдан 2 м қашықтықта еденде 1 шеңбер жатыр (немесе диаметрі 80-100 см шеңбер сызылған). Дабыл бойынша ойыншы допты серпілістен кейін қарама қарсы жақтың ойыншысына тиетіндей етіп шеңберге лақтырады. Қатысушы допты қағып алады және осылай оны кері лақтырады. Қос ойыншы да допты лақтырғаннан кейін саптың соңына кетулері қажет.
Дискриптор:
- топта белсенділік танытады
- ойынды ережесімен ойнайды
Тапсырма
Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңда диаметрі 5-6 метр болатын екі шеңбер белгіленеді. Шеңбердің ортасында тұратын бастаушы таңдалынады. Қалған қатысушылар шеңбердің сыртына тұрады. Ойыншылардың міндеті шеңбердің сыртында тұрып бастаушыға тигізу. Ойыншы допты бастаушыға тигізгенде ұпай алады. Оқушылар бастаушыға допты лақтырмас бұрын өзара допты бір-біріне бере алады. Ойыншылар нәтижелерін жақсарту үшін қосымша өздерінің стратегияларын дайындайды.
Дискриптор:
Ойын ережесімен ойнайды
Ептілік қабілеттерін көрсетеді
Дене жаттығуларының ағзаға әсері
Адам күнделікті іс- әрекетінде –тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда – өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:
бұлшық еттің белсенді көлемі
бұлшықеттің жиырылу түрі – тұрақты немесе жылжымалы:
жиырылу күші немесе алымы.
Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс– дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?