Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 51 сабақ.


51 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі

Физикалық белсенділік және төзімділік

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

«Сергіту сәті» ұйымдастыру үшін тақырыпқа сай қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Яғни, оқушылардың икемділік дағдыларын жетілдіру.

Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар екеуден жұптасады, ұл және қызбен. Белгіленген алаңда жұбымен бірге қашады және қуады. Ажырамаулары тиіс. Ажырап кеткен жұп қарсыластарын қуатын болады. Сәлден кейін, ұсталынған жұптар қосыла береді. Соңында үздік жұп анықталып, сол жұп ЖДЖ орындатқызады.

Дискриптор:

  • Жұппен жұмыс жасауда ептілік таныту;
  • Ережені бұзбай ойнау.

Оқушылар тыныс алу жаттығуларын орындайды. Екі топқа бөлініп ЖДЖ орындайды.

«Дене белсенділігі және төзімділік»

Осы екі топ қимыл-қозғалыс ойыны ойнап жарысады.

Мұғалім әрекеті: Оқушыларға ойын ережесін, мақсатын түсіндіру.

Оқушы әрекеті: Мұғалімді толық тыңдап, қауіпсіздікті сақтай отырып, тапсырманы мұқият орындау.

Тапсырма №1

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Еденге обруч ұзыннан төселеді, екі топтан бір бір оқушы қарсы обруч ішінде секіріп бастайды. Тоғысқан жерде екеуі қайшы, қағаз, құдық ойынын ойнайды.(қайшы қағазды, қағаз құдықты, құдық қайшыны жеңеді) Ұтылған ойыншы жолдан шығады,сол топтың келесі ойыншысы қарсы секіріп ұтқан ойыншының жолын бөгеп жаңағы қағаз, қағаз, құдық ойынын жаластырады. Жеңген ойыншы ойынды жалғастырады. Өз жағынан бастап қарсы команданың соңғы обручна кірген ойыншы өз командасына 1 ұпай әкеледі. Ойын 5 ұпайға дейін жалғасады.

Дискриптор:

  • Жылдам ойланып, командаға пайдалы әрекет жасау;
  • Қозғалыс дағдыларын тез қолдану.

Бағалау:

Жалпы ойын ойнаған екі топтың оқушыларын бағалау. Қалыптастырушы бағалау жүргізу. Мұғалім тарапынан сұрақ қою арқылы ойын барысында қандай қозғалыс әрекеттерін пайдаланғандығын сұрау. (жүгіру, секіру т,б)

Тапсырма №2

Оқушылар екі командаға бөлініп, волейбол алаңының көлемінде ойын ойнайды. Екі команданың біреуі қорғаныста, біреуі шабуылда ойнайды. Яғни, волейбол алаңының бұрыштарында 6 обрустар жатады. Шабуылшы команда алаңның шетінен волейбол добын тек алаңға лақтырады немесе ұрады. Ортада тұрған қорғаныстағылар допты тез алып, бір-біріне лақтыру арқылы шабуылға шыққан ойыншыны доппен ұрып ойыннан шығаруы тиіс. Шабуылға шыққан ойыншы әр обручтің ішіне қос аяқпен кіріп, командаға ұпай әкелуі тиіс. Шабуылдағы ойыншы бір обручтің ішінде қалып қойса, келесі шабуылшы ойынға шығам дегенге дейін обручта бола алады және келесі ойыншы шыққанда ол да жүгіреді.

Дискриптор:

  • Шабуылшы кезінде командаға ұпай әкелу
  • Қорғаныс кезінде қарсыласын ойыннан шығаруды жүзеге асыру
  • Топта белсенділік танытып, тез шешім шығару.

Қорытынды жүргізу:

Жалпы ойынның мақсаты неде?

Шабуылшылардың қызметі неде?

Қорғанысшылардың мақсаты неде?

Оқушылармен ашық-сұрақ жауап арқылы оқу мақсатына жеткендігі жөнінде диолог ұйымдастыру.

Уақыт қалса, осы екі топқа қосымша ойын ойнату.

Тапсырма №3

«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларына тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді. Соңында қай топтың ойыншылары ұтылса, сол топтың басшысы ортаға шығады.

Дискриптор:

  • Көшбасшылық қабілетін ойын барсында академиялық әділ түрде көрсетеді.

Әр ойын немесе тапсырмадан кейін қорытынды жасап, кері байланыс беріп отыру.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық

доптар

кеглилер

секіртпе

шығыршықтар

Уақыт қалса, оқушыларды топтарға бөліп, төзімділік дағдыларын дамыту мақсатында эстафеталық ойындар ойнату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу