Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 52 сабақ.
№52 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
«Сергіту сәті» ұйымдастыру үшін тақырыпқа сай қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Яғни, оқушылардың икемділік дағдыларын жетілдіру.
Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар екеуден жұптасады, ұл және қызбен. Белгіленген алаңда жұбымен бірге қашады және қуады. Ажырамаулары тиіс. Ажырап кеткен жұп қарсыластарын қуатын болады. Сәлден кейін, ұсталынған жұптар қосыла береді. Соңында үздік жұп анықталып, сол жұп ЖДЖ орындатқызады.
Дискриптор:
- Жұппен жұмыс жасауда ептілік таныту;
- Ережені бұзбай ойнау.
Оқушылар тыныс алу жаттығуларын орындайды. Екі топқа бөлініп ЖДЖ орындайды.
«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»
Оқушыларды тең екі топқа бөлу. Осы топтарға дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын білетін жаттығулар кешенін көрсету тапсырмасын беру. Яғни, суреттер бойынша карточка тарату арқылы жаттығулардың кешенін көрсету керек. Жаттығулардың сауықтыру пайдасын түсіндіріп кету.
№1 топ
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулар кешенін көрсетіңіз. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)
№2 топ
Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы бар жаттығулар кешенін құру, көрсету. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)
Бағалау: Екі топтың тапсырманы орындаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Оқушылардың шағын топтардағы жұмысын сапасын талқылау.
Сұраңыз: Сіздер көрсеткен жаттығулар қаншалықты денсаулыққа маңызды? Шағын топтарда ынтымақтастық маңызды ма?
Уақыт қалса, «Кенгуру» ойынын ойнату.
Ойын шектелген алаңда өткізіледі. Ойыншылар аяқтарын бірдей қалыпта ұстайды. Алаңның сыртында аяқтарын бірдей қалыпта ұстаған екі бастаушы орналасқан. Дабыл бойынша олар алаңға секіріп шығады және осындай тәсілмен қозғала отырып, ойыншыларға жақындауға және олардың біреуін ұстауға тырысады. Басқа ойыншылардың қашуға құқығы бар, тек қана кенгуру тәсілімен . Бастаушылар ұстаған ойыншы жаңа «кенгуруға» айналады және басқа ойыншыларды ұстап бастайды. Соңғы ұсталған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Дене жаттығуларын орындау кезінде өзін-өзі басқаруды реттеу.
Тапсырмаға сай іс-әрекеттердің ағзамызға әсерін оқушыларға түсіндіру. Күнделікті жаттығу жұмыстарының ағзаға әсерін үнемі оқушыларға ескертіп, таңертеңгілік жаттығуларын пайдасын айтып түсіндіру.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.
Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері
Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:
- Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді.
- Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.
- Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
- Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.
- Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады.
- Метаболизм жақсарады. Жаттыққан ағза қандағы қант және басқа да заттарды реттеуі жақсарады.
- Өмірге деген көзқарас өзгереді. Физикалық белсенді жандар өмірге құштар, күйзелістен аулақ болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?