Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 52 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 52
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №5 бөлім. Денсаулық және физикалық белсенділік. | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1. Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну 3.1.4.4. Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын біледі және кемшіліктердің жақсарту сапасын талқылайды. | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене жаттығуларының жүкемелерін білуде физика пәнімен байланысу. Жүрек соғысының жиілілігін өлшеуде биология пәнімен байлансу. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. «Сергіту сәті» ұйымдастыру үшін тақырыпқа сай қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Яғни, оқушылардың икемділік дағдыларын жетілдіру. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар екеуден жұптасады, ұл және қызбен. Белгіленген алаңда жұбымен бірге қашады және қуады. Ажырамаулары тиіс. Ажырап кеткен жұп қарсыластарын қуатын болады. Сәлден кейін, ұсталынған жұптар қосыла береді. Соңында үздік жұп анықталып, сол жұп ЖДЖ орындатқызады. Дискриптор:
Оқушылар тыныс алу жаттығуларын орындайды. Екі топқа бөлініп ЖДЖ орындайды. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б Ойын кезінде қауіпсіздікті сақтау. Жұптық, топтық жұмысты бағалау. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару» Оқушыларды тең екі топқа бөлу. Осы топтарға картока таңдауы бойынша Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын білетін жаттығулар кешенін көрсету тапсырмасын беру. №1 топ Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулар кешенін көрсетіңіз. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)
№2 топ Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы бар жаттығулар кешенін құру, көрсету. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)
Бағалау: Екі топтың тапсырманы орындаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Оқушылардың шағын топтардағы жұмысын сапасын талқылау. Сұраңыз: Сіздер көрсеткен жаттығулар қаншалықты денсаулыққа маңызды? Шағын топтарда ынтымақтастық маңызды ма? Уақыт қалса, «Кенгуру» ойынын ойнату. Ойын шектелген алаңда өткізіледі. Ойыншылар аяқтарын бірдей қалыпта ұстайды. Алаңның сыртында аяқтарын бірдей қалыпта ұстаған екі бастаушы орналасқан. Дабыл бойынша олар алаңға секіріп шығады және осындай тәсілмен қозғала отырып, ойыншыларға жақындауға және олардың біреуін ұстауға тырысады . Басқа ойыншылардың қашуға құқығы бар, тек қана кенгуру тәсілімен . Бастаушылар ұстаған ойыншы жаңа «кенгуруға» айналады және басқа ойыншыларды ұстап бастайды. Соңғы ұсталған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, мұғалім үшін ысқырық, секіртпе, гимнастикалық доптар, шығыршық т.б. Кешенді жаттығуларға сілтеме http://thepomka.blogspot.com/2012/10/blog-post.html Қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі: | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар сабаққа кері байланыс жүргізеді. -нені білдім, нені үйрендім. –нені толық түсінбедім. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?