Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 54 сабақ.
№54 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Сабақтың негізгі бөлімінде сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»
Оқушыларға сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды немесе қимыл-қозғалыс ойындарын түсіндіру. Қандай ойын болмасын оқушылардың барлығын қамту арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды шағын топтарға бөліп ойын ойнату.
“Көжектер” ойыны Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
Дискрипторлар:
- Ойынды ережемен ойнайды;
- Жылдамдық, ептілік дағыларын көрсете алады
«Допқа дейін жеткіз» ойыныМақсаты : Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Кезектесіп ойнау арқылы бір –біріне деген құрметке ,сыйластыққа тәрбиелеу.Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп 3 баладан ойнайды. 3 балаға бір –бірден қап немесе сеіртпе доптары таратылады, ал олардан 20-30 метрдей қашықтықта доптар тұрады. Балалар секіріп, сол доптарға жетуі тиіс. Ең бірінші болып жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылай қалған балалар да ойнайды.
Дискриптор:
- Ойында ережені сақтайды,
- Қозғалыс дағдыларын арттырады
Бағалау: Шағын топтардағы жұмыста немене жарыстарда оқушылардың іс-әрекеттерін үнемі бағалап отыру. Тапсырманы орындауда немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда оқушылардың кемшіліктерін атап, ережемен ойнауға баулу.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.
Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері
Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:
- Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді.
- Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.
- Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
- Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.
- Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады.
- Метаболизм жақсарады. Жаттыққан ағза қандағы қант және басқа да заттарды реттеуі жақсарады.
- Өмірге деген көзқарас өзгереді. Физикалық белсенді жандар өмірге құштар, күйзелістен аулақ болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?