Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 54 сабақ.
№54 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.
Тақырып: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындау қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»
Оқушыларға сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды немесе қимыл-қозғалыс ойындарын түсіндіру. Қандай ойын болмасын оқушылардың барлығын қамту арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды шағын топтарға бөліп ойын ойнату.
“Көжектер” ойыны Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
Дискрипторлар:
- Ойынды ережемен ойнайды;
- Жылдамдық, ептілік дағыларын көрсете алады
«Допқа дейін жеткіз» ойыныМақсаты : Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Кезектесіп ойнау арқылы бір –біріне деген құрметке ,сыйластыққа тәрбиелеу.Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп 3 баладан ойнайды. 3 балаға бір –бірден қап немесе сеіртпе доптары таратылады, ал олардан 20-30 метрдей қашықтықта доптар тұрады. Балалар секіріп, сол доптарға жетуі тиіс. Ең бірінші болып жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылай қалған балалар да ойнайды.
Дискриптор:
- Ойында ережені сақтайды,
- Қозғалыс дағдыларын арттырады
Бағалау: Шағын топтардағы жұмыста немене жарыстарда оқушылардың іс-әрекеттерін үнемі бағалап отыру. Тапсырманы орындауда немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда оқушылардың кемшіліктерін атап, ережемен ойнауға баулу.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық
доптар
кеглилер
секіртпе
шығыршықтар
секіртпе қапшығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?