Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 55 сабақ.


3 сынып

5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.

Сабақтың тақырыбы:

Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар

Оқу мақсаты:

3.1.5.5. Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

Сабақ мақсаты:

Жұптық және топтық жұмыс кезінде іс-қимылдарды орындайды, серіктесін бағалайды және тапсырмаларды байланыстыра көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

Жұптық, топтық жұмыстарда тапсырмаларды орындайды;

Тапсырмаларды орындауда серіктесін бағалайды;

Іс-қимылдарды байланыстыра көрсетеді

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»

Оқу мақсатына сай оқушылар екеуден жұптаса жұмыс жасайды, яғни жұпта денені қыздырыну және дамыту жаттығуларын орындап көрсетеді. Әр жұп дененің дұрыс жетілуіне байланысты жаттығу жұмыстарын көрсетуі тиіс. Олар бір-біріне жаттығуларды көрсетіп, бірге орындайды.

Жұптық жұмыс

Дискриптор:

Жұпта ережені сақтайды,

Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады

Бағалау: Жұптық жұмыс кезінде оқушыларың орындаған іс-әрекеттерін үнемі бағалап отыру. Кемшіілктерді айтып, ателіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Топтық жұмыс

Оқушылар шағын топтарда қимыл-қозғалыс ойынын ойнап жаттығады.

«Щеңберден шығар» ойыны.

Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінші топ үлкен шеңбердің ішінде болады, екінші топ шеңбердің сыртында бәр доппен шеңбердегі ойынзшыларды доппен ұрып шығару керек. Ортадағы ойыншылар белгілі бір уақыт ішінде шеңберден шықпай доптан қашулары тиіс. Ал, сыртқы ойынщшылар жылдам шеңбер ішіндегі ойыншыларды доппен ұрып шеңберден шығаруы тиіс. Ойын белгілі бір уақытқа ойналады. (5-10 минут) Егер белгілі бідр уақыт ішінде сыртқы ойыншылар түгелімен барлығын шеңберден шығарса, ойыншылар орын ауыстырады. Ал, сол уақытта барлығын шығарып үлгермесе сол топ ойынщшылары қайта түгел шеңберге оралады. Ойын осылай жалғасады.

Дискриптор:

Ойынды ережемен ойнайды

Топта бедлсенділік танытады

Ептілік, икемділік танытады.

Бағалау: Шағын топтардағы жұмыста немене жарыстарда оқушылардың іс-әрекеттерін үнемі бағалап отыру. Тапсырманы орындауда немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда оқушылардың кемшіліктерін атап, ережемен ойнауға баулу.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу