Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 41 сабақ.
№41 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Оқушылар қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын пайдаланып, ұсынылған материалдар бойынша қозғалыс ойындары туралы әңгімелеседі
Тапсырма
«Көкпар» ойынының ережесіне сай, топқа бөлініп, балама ойын құрастырып ойнату. Екеуден жұптасып, ажырамай жүгіріп, ойын ережесімен ойнайды. «Салым» ретінде ауыр допты, «қазандық» ретінде шеңбер (обруч) пайдаланамыз. Оқушылар екеуден жұптасып, бір қолмен ғана салымды ұстауға рұқсат етіледі. Жұптар ажырамауы тиіс. Әр топ, өзінің қазандығың қорғауы тиіс. Барлық жұптар қорғаныста да, шабуылда да ойнайды.
Дескриптор Білім алушы
- қазақтың ұлттық ойындарына балама ойын құрастырады;
- ойын ережесімен ойнайды;
- ойында барлық мүмкіндікті пайдаланады.
гимнастикалық шығыршықты - «қазандық» ретінде пайдаланамыз
2 кл ауыр доп – «салым» ретінде пайдаланамыз
Тапсырма
Оқушылардың барлығына бірдей карточка тарату және сол жердегі суреттерге қарап, ат үстінде ойналатын ұлттық ойындардың атауын латын әріптерімен сәйкестендіру қажет.
Оқушылар суреттерге қарап, ойындардың атауын есте сақтау қажет.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Ұлттық ойындарға сілтеме:
https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/kazaktin-ulttik-oiindari-55964
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?