Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 42 сабақ.
3 сынып
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.
Оқу мақсаты:
3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету;
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;
3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату
Бағалау критерийлері:
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді:
- Олар ұсынылған әрекеттерге жаңа немесе балама шешу идеяларын қолдана алады;
- Олар бірқатар іс-әрекеттердің проблемасын шешу барысында, өзінің және өзгелердің дағдылары мен балама идеяларын қолданып сынай және бағалай алады.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. Оқушылар бұл бөлімде қозғалмалы ойындар арқылы ұлттық ойындармен танысып, әділ ойын мен ынтымақтастықты дамытады. Түрлі қазақтың ұлттық ойындарының ережесімен танысып, ойындарды ойнау арқылы ептілік, батырлық, жігірлік қабілеттерін дамыта алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау.
Тапсырма
Ақсүйек ойынын ережесімен ойнау.
Мақсаты: ептілік, жылдамдық және зеректікті арттыру.Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, көздерін жауып тұрады. Тәрбиеші немесе ойынды жүргізуші бала ақсүйекті лақтырып: «Ал, табыңдар!» - дейді. Балалар көздерін ашып, жан – жаққа іздеуге аттанады. Қай топтың баласы тауып алып келсе, сол топқа бір ұпай беріледі. Ұпайды неғұрлым көп жинаған топ жеңімпаз атанады.Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Тапсырма
Көше ойыны «Қызыл жалау» ойыны ойнату
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Алаңнын ортасы бөлінеді. Әр топ оз туларын тігеді. Белгі берілген уақытта әр топ қарсы топтың туын өз алаңына жеткізуі тиіс. Осылай ұпай жинайды. Қарсыластың алаңына өткен жағдайда, қарсылас қол тигізіп ,қатырып тастайды. Тек, өз командасындағы адам қол беру арқылы жан береді.
Дискрипторлар:
- Оқушылар ұлттық қозғалыс ойынын ережесімен ойнайды;
- Топта белсенділік танытады
- Қауіпсіздік ережесін сақтайды
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұдан шығатын қорытынды — халық ойындарын сабақаралық үзілістер мен мектептен тыс жұмыстарда пайдалану мұғалімдер ұжымының бақылау, басшылығында болуы тиіс. Бұл басшылық, бақылаусыз, педагогикалық ықпалсыз пайдаланылған ойындар оқушыларға қаншалықты әсерлі, қызықты болғанымен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының көздеген жерінен шыға бермейді. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Ұлтық ойындарға деген, асық ойындарына деген қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?