Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 43 сабақ.
№43 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Бүгінгі сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. Қыздырыну жаттығуларын орнына көше ойыны «Қуыспақ» ойынын ойнату. Оқушылар 2 минут белгіленген алаңда бір-бірін қуысады. Осы уақыттан кейін олар жұптасады, жұппен бірге ойынды жалғастырады. Яғни, бірге қашады, бірге қуады. Жұпта ажырамаулары тиіс. 2 минут уақыттан кейін ұсталған жұптар бірігеді. Соңында қалған екі жұп жалпы дамыту жаттығуларын орындатқызады.
Оқушылар екіге бөлініп, шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
«Қазан» ойынын ойнау.
Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады.
Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен.
Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы)
Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай)
Әр ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді.
Тапсырма
Түйе мен бота ойынын ойнау. Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады. Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады. Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады. Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады.
Дискрипторлар:
- Оқушылар ұлттық қозғалыс ойынын ережесімен ойнайды;
- Топта белсенділік танытады
- Қауіпсіздік ережесін сақтайды
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Ұлттық ойындар жайлы не білеміз?
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Ұлттық ойындарға сілтеме:
https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/kazaktin-ulttik-oiindari-55964
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?