Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 43 сабақ.


43 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау.

Тапсырма

«Қазан» ойынын ойнау.

Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады.

Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен.

Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы)

Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай)

Әр ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді.

Тапсырма

Түйе мен бота ойынын ойнау. Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады.  Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады. Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады. Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады. 

Дискрипторлар:

  • Оқушылар ұлттық қозғалыс ойынын ережесімен ойнайды;
  • Топта белсенділік танытады
  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу