Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 43 сабақ.
3 сынып
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.
Оқу мақсаты:
3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету;
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;
3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату
Бағалау критерийлері:
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді:
- Олар ұсынылған әрекеттерге жаңа немесе балама шешу идеяларын қолдана алады;
- Олар бірқатар іс-әрекеттердің проблемасын шешу барысында, өзінің және өзгелердің дағдылары мен балама идеяларын қолданып сынай және бағалай алады.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. Оқушылар бұл бөлімде қозғалмалы ойындар арқылы ұлттық ойындармен танысып, әділ ойын мен ынтымақтастықты дамытады. Түрлі қазақтың ұлттық ойындарының ережесімен танысып, ойындарды ойнау арқылы ептілік, батырлық, жігірлік қабілеттерін дамыта алады.
Ұлттық ойындар жайлы не білеміз?
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Бүгінгі сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. Қыздырыну жаттығуларын орнына көше ойыны «Қуыспақ» ойынын ойнату. Оқушылар 2 минут белгіленген алаңда бір-бірін қуысады. Осы уақыттан кейін олар жұптасады, жұппен бірге ойынды жалғастырады. Яғни, бірге қашады, бірге қуады. Жұпта ажырамаулары тиіс. 2 минут уақыттан кейін ұсталған жұптар бірігеді. Соңында қалған екі жұп жалпы дамыту жаттығуларын орындатқызады.
Оқушылар екіге бөлініп, шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау.
Тапсырма
«Қазан» ойынын ойнау.
Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады.
Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен.
Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы)
Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай)
Әр ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Тапсырма
Түйе мен бота ойынын ойнау. Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады. Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады. Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады. Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұдан шығатын қорытынды — халық ойындарын сабақаралық үзілістер мен мектептен тыс жұмыстарда пайдалану мұғалімдер ұжымының бақылау, басшылығында болуы тиіс. Бұл басшылық, бақылаусыз, педагогикалық ықпалсыз пайдаланылған ойындар оқушыларға қаншалықты әсерлі, қызықты болғанымен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының көздеген жерінен шыға бермейді. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Ұлтық ойындарға деген, асық ойындарына деген қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?