Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 45 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 45

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

Оқу мақсаттары

3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету;

2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;

3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату

 Бағалау критерийлері

  • Қазақтың ұлттық ойындары патриоттық сезімді оятып, әділдіктің орнауына үлкен әсер беретінін түсініп, оны ойын арқылы көрсетеді.
  • Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін біледі, атауларын атайды және қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Қазақтың ұлттық ойындары білімдерін талқылап көрсету

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • - қозғалыс дағдылары
  • - әділ ойын, ереже,

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Әділ ойын ережені сақтау қаншалықты керек?
  • - Түсіндіріңіз, әділ ойын мен потриатизм мағынасын қалай түсінесіз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту

Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, тарих (қазақ батырларының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, елін, жерін қорғап, ұлттық ойындар арқылы атқа мініп, күш, ептілік, шымырлық, батырлық қабілеттерін шыңдаған. )

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану арқылы ұлттық ойындардың ойналу ережелерін оқушыларға көрсету. Компьютер, қалта телефондары, дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»

Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ттаныстыра отырып, аттың үстінде ойналатын ойындарға балама ойын құрастырып ойнату. Яғни, «аударыспақ» ойынын таныстыру. Ойынға балама ойын құрастырып ойнату.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған екендігін оқушыларға түсіндіру.

Аударыспақ ойыны туралы оқушыларға мағлұмат бергеннен кейін, (АКТ арқылы видео көрсетуге де болды) балама ойын ретінде белгіленген сызықта екі-екеуден қарама-қарсы тұрғызып, қолдарынан мықтап ұстап, сызықтан аспай бір қолмен тартыстырып ойнату. Егерде кім де кім сызықтан асып кетсе, жеңілген болып саналады. Жеңген оқушыларды өзара тағы да жарыстырып, мықтыны анықтау.

«Сақина салу» ойыны

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, шарф көзді байлау үшін, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: «Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары» http://www.bilu.kz/igry.php

«Соқыр теке» ойыны https://www.youtube.com/watch?v=5xRxBxM0I4U

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік.

Арқан, кішкене лента, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: Арқан тарту ережесі

http://kanat-dla-lazaniya.blogspot.com/2011/08/blog-post.html

Арқан тартыс ойыны https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.
  • Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
  • Сабақта оқушыларға тапсырмалар немесе жаттығулар төменнен жоғарыға қарай беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз:

Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және ым арқылы бағалау және жаттығуларды орындау

Оқушылар ұлттық ойындардағы қозғалыс дағдыларына

арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу