Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 25 сабақ.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийлері:
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
Топталудың түрлерін атайды және орындайды, жаттығуларды ретімен орындайды;
Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;
- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.
Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Мұғалімге сабақта қауіп қатерді ескерту үшінтөмендегі іс-әрекеттерді қолдану керек:
Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды;
Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды;
Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды;
Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегенсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Спорт құралдарында жаттығу орындаған ккезде әріптесіне көмек көрсету тиіс;
Жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасын және залдағы жаттығулардың жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;
10. Оқушылардың сырт келбетін тексеру (әсіресе салқын немесе ыссы мезгілде);
11 Снарядтардың, мүліктің бүтіндігін, дұрыс дайындығын және орналасуын тексеру;
Жаттығуларды орындағанда көмек пен сақтықты қадағалау;
Жаттығулардың дұрыс орналасуын және тәртібінбақылау;
Жаттығулардың психофизиологиялық жағдайын бақылауға алу;
Оқытудың түп-нұсқасын сақтау және т.б.
Тапсырма
(С, Ж, К) «Альпинисттер». Екі «альпинисттер» командасы 6-7 м қашықтықта гимнастикалық қабырғаның алдында бетімен қарап, қатарға тұрады. Бірінші оқушылармен гимнастикалық қабырғалардың арасына гимнастикалық орындықтарды аяқтары жоғары қаратып, аударып қояды. Гимнастикалық қабырғалар бойымен гимнастикалық маттар қойылады.
Мұғалімнің белгісімен бірінші оқушылар гимнастикалық орындық бойымен өтіп, гимнастикалық қабырғаға шығады. Жоғарғы жағына көтерілгеннен кейін төмен түседі. Гимнастикалық қабырғадан түсу кезінде 60-70 см биік болмайтын биіктіктен, гимнастикалық матқа бормен сызылған, диаметрі 40 см боладын шеңбердің ішіне секіріп түсуге болады. Түскеннен кейін ойыншылар өз қатарының соңына тұрады. Екінші ойыншылар қозғалысын бірінші «альпинисттер» жерге түскеннен кейін бастайды.
«Альпинисттер» – ойыны.
Дескриптор:
- қауіпсіздік ережесін біледі;
- тепе-теңдікті сақтайды;
- шағын топта тиімді әрекет етеді.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Сабақты қорытындылау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?