Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 25 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 25

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі

Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту

Оқу мақсаттары

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

 Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді

 Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • кеңістік / бағыт: алға, артқа, жанына
  • динамика: тез, баяу
  • ептілік, тепе-теңдік

Диалог пен жазу үшін п айдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Ептілік, күш, шыдамдылық физикалық қасиеттерін не үшін дамыту керек?
  • Не үшін бізге иілгіштік қасиет қажет болады?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін: ептілік, тепе-теңдік, күш, шыдамдылық, иілігіштік қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша акробатика негіздерін орындау кездеріндегі қауіпсіздік ережелерін АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларындағы қауіпсіздік ережелерден түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(С, Ж, К) «Альпинисттер». Екі «альпинисттер» командасы 6-7 м қашықтықта гимнастикалық қабырғаның алдында бетімен қарап, қатарға тұрады. Бірінші оқушылармен гимнастикалық қабырғалардың арасына гимнастикалық орындықтарды аяқтары жоғары қаратып, аударып қояды. Гимнастикалық қабырғалар бойымен гимнастикалық маттар қойылады.

 Мұғалімнің белгісімен бірінші оқушылар гимнастикалық орындық бойымен өтіп, гимнастикалық қабырғаға шығады. Жоғарғы жағына көтерілгеннен кейін төмен түседі. Гимнастикалық қабырғадан түсу кезінде 60-70 см биік болмайтын биіктіктен, гимнастикалық матқа бормен сызылған, диаметрі 40 см боладын шеңбердің ішіне секіріп түсуге болады. Түскеннен кейін ойыншылар өз қатарының соңына тұрады. Екінші ойыншылар қозғалысын бірінші «альпинисттер» жерге түскеннен кейін бастайды.

Дескриптор

  • қауіпсіздік ережесін біледі;
  • тепе-теңдікті сақтайды;
  • шағын топта тиімді әрекет етеді.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық қабырға, гимнастикалық маттар, бор, жалаушалар, ленталар.

М.Н. Жуковтың «Қозғалмалы ойындар» кітабына сілтеме:

http://activ-igra.ru/alpinistyi.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу