Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 26 сабақ.
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийлері:
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
Топталудың түрлерін атайды және орындайды, жаттығуларды ретімен орындайды;
Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;
- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.
Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Мұғалімге сабақта қауіп қатерді ескерту үшінтөмендегі іс-әрекеттерді қолдану керек:
Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды;
Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды;
Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды;
Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегенсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Спорт құралдарында жаттығу орындаған ккезде әріптесіне көмек көрсету тиіс;
Жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасын және залдағы жаттығулардың жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;
10. Оқушылардың сырт келбетін тексеру (әсіресе салқын немесе ыссы мезгілде);
11 Снарядтардың, мүліктің бүтіндігін, дұрыс дайындығын және орналасуын тексеру;
Жаттығуларды орындағанда көмек пен сақтықты қадағалау;
Жаттығулардың дұрыс орналасуын және тәртібінбақылау;
Жаттығулардың психофизиологиялық жағдайын бақылауға алу;
Оқытудың түп-нұсқасын сақтау және т.б.
Тапсырма
(Т, Ж, ҚБ) «Төмпешіктердегі аңшылық». Сынып екі топқа бөлінеді. Залдың ортасы құрал-жабдықтардан босатылған және шартты түрде «батпақ» болып аталады. Оның «жағалаулары» алаңды шектейтін ұзын жіппен сызықтар сызылады. Олардан кейін үрленетін доптармен «аңшылар» тұрады. Қалған ойыншылардың жартысы «бақалар» (6-10 адам) «батпақтың» ішінде «төмпешіктерде» орналасады. «Төмпешіктер» - гимнастикалық шеңберлермен (әр «бақаға» бір-бірден) немесе гимнастикалық маттар (екі «бақаға» біреу). Белгі бойынша «аңшылар» «бақаларға» допты тигізу үшін, допты лақтыра бастайды. «Бақалар» доп тимеу үшін өздерінің «төмпешіктерінде» түрлі әрекеттер жасайды(екі жаққа қисаңдайды, отырып қалады, секіреді). Доп тиген ойыншы алаңнан кетпейді, бірақ «аңшыларға» бір ұпай жазылады. Ойын 3 минутқа созылады. Уақыт өткен соң, қарсыластар орындарымен ауысады. Жеңімпаз жиналған ұпай санымен анықталады.
«Төмпешіктердегі аңшылық».
Дескриптор:
- қауіпсіздік ережесін сақтайды;
- допты тигізбеуге тиімді әрекет етеді;
- қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?