Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 27 сабақ.


Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийлері:

денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;

- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;

Топталудың түрлерін атайды және орындайды, жаттығуларды ретімен орындайды;

Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;

- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.

Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Мұғалімге сабақта қауіп қатерді ескерту үшінтөмендегі іс-әрекеттерді қолдану керек:

Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды;

Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды;

Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды;

Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегенсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды;

Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі.

Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.

Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды;

Спорт құралдарында жаттығу орындаған ккезде әріптесіне көмек көрсету тиіс;

Жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасын және залдағы жаттығулардың жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;

10. Оқушылардың сырт келбетін тексеру (әсіресе салқын немесе ыссы мезгілде);

11 Снарядтардың, мүліктің бүтіндігін, дұрыс дайындығын және орналасуын тексеру;

Жаттығуларды орындағанда көмек пен сақтықты қадағалау;

Жаттығулардың дұрыс орналасуын және тәртібінбақылау;

Жаттығулардың психофизиологиялық жағдайын бақылауға алу;

Оқытудың түп-нұсқасын сақтау және т.б.

Тапсырма

(С, Ж, ҚБ) «Тепе-теңдікті жоғалтып алма». Бұл ойында оқушылар командаларға бөлінбей, бір-бірімен жарысады. Гимнастикалық аттың (гимнастикалық жәшіктің) биіктігінен кезекпен секірулер орындалады. Ойыншы төменге секіргеннен кейін келесі ережелерді орындау керек: орында қалу, гимнастикалық матқа қолын тигізбеу. Ойын барысында секіруді орындаудың бірізділігі орнатылады. Секірудің түрлері біртіндеп күрделене түседі. (мысалы, жиналуда, шалқайып, аяқ екі жаққа, шалқая 180° бұрылу және т.б.). Алдын ала белгіленген секірудің күрделік шыңына жеткеннен кейін, ойыншылар оларды орындалу ретін керісінше орындайды(күрделіден қарапайымға).

2 нұсқасы.

Ойыншы қолына теннис добын ұстап, төмен секіреді. Түсіп бар жатқан кезде допты секіру орындалып жатқан жерден 5-7 м қашықтықтағы нысанаға лақтыру керек. Келесі жағдайда әріптесі белгі бойынша немесе жүргізуші допты лақтырады, ал секіріп түсуші, секіріп, түсіп бара жатқанда допты қағып алып, орнына тепе-теңдікті сақтай отыра түсу керек.

«Тепе-теңдікті жоғалтып алма».

Дескриптор:

- - қауіпсіздік ережесін біледі;

- тепе-теңдікті сақтайды;

- секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін орындайды.

Сабақты қорытындылау

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу